21.05.2008, 11:47 1228

Мәжіліс 2008 жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді бір аптада қарамақшы (толық нұсқасы)

Мәжіліс 2008 жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді бір аптада қарамақшы (толық нұсқасы)

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс 2008 жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді бір аптада қарамақшы. Мұндай шешім бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаржы және бюджет жөніндегі комитет "2008 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарауға және 2008 жылдың 28 мамырына дейін қорытындысын беруге дайын", - деп мәлімдеді жалпы отырыста сөз алған мәжіліс депутаты, қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің мүшесі Серік Оспанов.

Бұл шешімді палата қолдады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2008 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін нақтылаулар мен өзгертулерге қатысты заң жобасы парламентке 16 мамырда ұсынылды. Үкіметтің кезектен тыс отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: "жалпы алғанда, меніңше, өзгерістер мен нақтылаулар жақты дәйектелген, олар ағымдағы жағдайға нақты жауап береді және мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігін қорғауға байланысты тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді", - деді ол.

ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтқанындай, "биылғы жылы республикалық бюджетке 2729,7 млрд теңге түседі, бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда 29,9 млрд теңгеге артық".

Министрдің айтуынша мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер бұдан бұрын айтылған болжамдармен салыстырғанда 400 млрд теңгеге ұлғайып, жылдық қорытынды бойынша оның активтері 4 трлн теңгені ($32,8 млрд) құрайды.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшысы айтқанындай, " бюджетке мұнайдан басқа сектордан түсетін түсімдер бойынша бекітілген болжамдардың 260,2 млрд теңгеге төмендеуі, мұнай және мұнай битумына енгізілген баж салығы 159,9 млрд теңге есебінен және ұлттық қордан кепілдендірілген қосымша 120 млрд теңгені тарту арқылы толтырылады".

Б. Сұлтанов хабарлағанындай, айқындалған республикалық бюджеттің шығындары 3064,1 млрд теңге мөлшерінде немесе бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда 153,1 млрд теңге өсімімен белгілеу көзделуде. Министр атап өткеніндей, іскерлік инвестициялар белсенділігіне деген тұтыну сұранысын жандандырып, аумақтық бірқатар мәселелерді шешу мақсатында қосымша 200,1 млрд теңге бөлінетін болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны