28.05.2008, 12:07 1334

Мәжіліс 2008 жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс 2008 жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар 2008 жылғы республикалық бюджетке енгізілетін түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2008 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілетін нақтылаулар мен өзгертулерге қатысты заң жобасы парламентке 16 мамырда ұсынылды. Үкіметтің кезектен тыс отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов: "жалпы алғанда, меніңше, өзгерістер мен нақтылаулар жақты дәйектелген, олар ағымдағы жағдайға нақты жауап береді және мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан аз қорғалған бөлігін қорғауға байланысты тапсырмаларын орындауға мүмкіндік береді", - деді ол.

ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың айтқанындай, "биылғы жылы республикалық бюджетке 2729,7 млрд теңге түседі, бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда 29,9 млрд теңгеге артық".

Министрдің айтуынша мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер бұдан бұрын айтылған болжамдармен салыстырғанда 400 млрд теңгеге ұлғайып, жылдық қорытынды бойынша оның активтері 4 трлн теңгені ($32,8 млрд) құрайды.

ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшысы айтқанындай, " бюджетке мұнайдан басқа сектордан түсетін түсімдер бойынша бекітілген болжамдардың 260,2 млрд теңгеге төмендеуі, мұнай және мұнай битумына енгізілген баж салығы 159,9 млрд теңге есебінен және ұлттық қордан кепілдендірілген қосымша 120 млрд теңгені тарту арқылы толтырылады".

Б. Сұлтанов хабарлағанындай, айқындалған республикалық бюджеттің шығындары 3064,1 млрд теңге мөлшерінде немесе бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда 153,1 млрд теңге өсімімен белгілеу көзделуде. Министр атап өткеніндей, іскерлік инвестициялар белсенділігіне деген тұтыну сұранысын жандандырып, аумақтық бірқатар мәселелерді шешу мақсатында қосымша 200,1 млрд теңге бөлінетін болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны