28.10.2009, 18:03 2969

Мәжіліс "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады (толықтырылған)

Мәжіліс "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады (толықтырылған)

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Депутаттар алдында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. Сонымен қатар қаржы саласының өзгерістері жайлы ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжияқов баяндап өтті. Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі, Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бауыржан Смайылов хабарлама жасады.

Осы заң жобасымен "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің нақтылануына байланысты, сондай-ақ ағымдағы жылғы республикалық бюджет шығыстарының болжамды атқарылуын бағалау негізінде өзгерістер енгізілді.

2009 жылғы қаңтар - қыркүйектегі ел экономикасының даму қорытындылары мен әлемдік тауар нарықтарындағы соңғы үрдістер негізінде макроэкономикалық көрсеткіштердің 2009 жылға арналған болжамына нақтылау жүргізілген.

2009 жылдың қорытындылары бойынша экспорт шамамен 47,7 млрд. АҚШ долларын құрайды, бұл бұрынғы жасалған болжамнан 2,5 млрд долларға артық. Экспорт бойынша бағалаудың артуына 18 долларға мұнайға әлемдік баға параметрлерінің жоғарылауы ықпал етті.

Импорт 34,0 млрд. долл. деңгейінде бағаланып отыр, бұл бұған дейінгі болжамнан 583,1 млн. долларға төмен. Импорт бойынша бағалаудың төмендеуіне 2009 жылы нақты ЖІӨ өсу қарқынының және сұраныстың азаюы себеп болып отыр.

2009 жылдың соңына инфляция 8,0-8,5 % деңгейінде бағалануда, бұл осыған дейінгі болжамнан 2,5-3,0 п.т. төмен. Инфляция бойынша болжамды параметрлердің төмендеуі әлемдік экономикадағы, сондай-ақ қазақстан экономикасындағы инфляциялық үдерістердің бәсеңдеуіне негізделген. Бұдан басқа, 2009 жылғы ақпан айының басында жүргізілген девальвация, күткеніміздей, ішкі нарықтағы бағаның өсуіне айтарлықтай әсерін тигізген жоқ.

Елдегі экономикалық ахуалды талдау және ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша кірістердің нақты түсімін негізге алып есептеулердің базасында макроэкономикалық көрсеткіштердің параметрлерін нақтылау 2009 жылға арналған республикалық бюджетті қайта қарауға негіз болды.

Бұл заң жобасы толықтай мақұлданып, сенатқа жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны