21.10.2009, 12:22 1674

Мәжіліс "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 21 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәжілісте заң жобасы бойынша Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Дамудың базалық сценарийі - мұнайдың (Brent) маркасының бір баррелінің әлемдік орташа бағасы 2010 жылы 50 АҚШ доллары деңгейінде болады деген болжамға негізделген. 2011 жылдан бастап мұнайдың әлемдік бағасы 60 АҚШ долларына дейін көтеріледі деп болжануда.

2010 жылдан бастап нақты жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны 2010 жылғы 2,4 пайыздан 2014 жылы 3,9 пайызға дейін біртіндеп ұлғаяды деп күтілуде.

Инфляция деңгейінің 2010 жылғы 7,5 - 8,0 пайыздан 2014 жылы 7 пайызға дейін төмендеуі болжануда.

Кірістер болжамын қалыптастырған кезде келесі мәселелер ескерілді: 2008 жылғы кірістердің орындалуы туралы есеп деректері, бірінші жартыжылдықтағы нақты түсімдеріне негізделген 2009 жылдың түсімдерін бағалау, дағдарысқа қарсы шараларды іске асырудың тиімділігі.

Ұлттық қордан нысаналы трансферттер тартуды тоқтатып және оның активтерін жинақтау саясатын жалғастыру туралы шешім қабылданған болатын. Осыны ескере отырып, заң жобасында 2010-2012 жылдарға арналған корпоративтік табыс салығы ставкасының мөлшерін сақтап қалу ұсынылады (20%). Бұл бізге бұған дейін белгіленген кірістер көлемімен салыстырғанда 2010 жылда қосымша 83,7 млрд. теңгені 2011 және 2012 жылдары тиісінше 100,3 млрд. теңге және 219,7 млрд. теңге жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, 2010 жылға арналған республикалық бюджеттің түсімдері Үкімет ұсынған заң жобасында 3 189,6 млрд. теңге көлемінде немесе ағымдағы жылдың жоспарымен салыстырғанда 16,2%-ға өсуімен айқындалды, оның ішінде кірістер (трансферттер түсімдерін есептемегенде) 1734,5 млрд. теңге сомасында болжанады, бұл 2009 жылғы бағалаудан 298,4 млрд. теңгеге көп.

2011 және 2012 жылдары кірістер түсімдерін алдыңғы жылдың деңгейіне қарағанда тиісінше 334,4 млрд. теңгеге және 141,5 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

Ұлттық қорға түсімдердің 2010 жылға арналған болжамы 1 371 млрд. теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 7,9%-ды құрады. Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферт жоспарланатын жылдың алдындағы Ұлттық қор активінің 33%-ын құрайтын, жыл сайын шамамен 1 трлн. теңгені құрайды.

Аймақтарды еңбекпен қамтамасыз ету мен мамандарды қайта әзірлеу үшін 2010 жылы бюджеттен 100 млрд теңге қаржы бөлінбекші.

Ал, денсаулық сақтау саласына Бірыңғай ұлттық жүйе құруға үш жылға 661,8 млрд. теңге көзделген. Агроөндіріс кешенін қаржыландыруға 620 млрд. деңге қарастырылуда.

Ал, жас мамандарды ауылдағы әлеуметтік салаларға тарту үшін 70 айлық есептік көрсеткішпен көтерме жәрдем беруге және баспана алуға пайызсыз несие беру үшін - 4 063 млрд теңге бөлінбекші.

Осылармен қатар көктемгі егіс науқаны мен түсімді жинау науқанына 80 000 млн. теңге қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны