23.02.2011, 18:01 4275

Мәжіліс 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке толықтырулар енгізуді қарастыратын заң жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 23 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң жобасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының макроэкономикалық көрсеткіштерінің параметрлерін нақтылауға Мемлекет басшысының ағымдағы Жолдауын іске асыру мақсатында қаражатты шығыстардың басым бағыттарына қайта бөлуге байланысты әзірленген. Бұл ретте 2011 жылға арналған республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы бұрынғы жоспарға қарағанда 207,9 млрд. теңгеге ұлғаяды. Мұндағы салық түсімдері 208,5 млрд. теңгеге артса, салыққа жатпайтын түсімдерді 3,1 млрд. теңгеге арттыру қарастырылған.

Ал 2011 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 4 трлн. 954,1 млрд. теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 20,8 пайызы деңгейінде қарастырылып отыр. Бұл бекітілген бюджетпен салыстырғанда 301,3 млрд. теңгеге көп. Заң жобасы бойынша ағымдағы жылғы Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға арналған шығыстарды 232,2 млрд. теңгеге арттыру көзделеді. Оның ішінде "Жұмыспен қамту - 2020" жаңа бағдарламасын іске асыруға - 40,2 млрд. теңге, білім беруге - 20,5 млрд. теңге, денсаулық сақтауға - 7,1 млрд. теңге, сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге 8,2 млрд. теңге қарастырылады.

Ал Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына 56,9 млрд. теңге қарастырылса, өзге де кезек күттірмейтін шығыстар 69,5 млрд. теңге шамасында көзделген. Жалпы алғанда 2011 жылғы республикалық бюджеттің тапшылығы 93,3 млрд. теңгеге ұлғайтылып, 695,8 млрд. теңгені құрайтын болады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 2,9 пайызына тең.

Мәжіліс мақұлдаған құжат Парламент Сенатының қарауына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны