28.09.2016, 16:15 4602

Мәжіліс 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет заӊына енген өзгертулерді мақұлдады

ҚР Парламентініӊ Мәжілісі "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заӊына толықтырулар мен өзгерістер енгізу" Заӊ жобасын мақұлдады.

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today -Мәжіліс депутаттары "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына өзгерістер мен толықтырулар еӊгізу туралы", сондай-ақ "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына өзгеріс енгізу туралы" заӊ жобаларын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Илемдік экономиканыӊ ағымдағы жағдайын, тауар нарықтарындағы конъюнктураны және ағымдағы жыл басынан бері Қазақстан экономикасы салаларыныӊ даму қорытындыларын ескере отырып, 2016 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердіӊ болжамы нақтыланды" - деді ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев палатаныӊ пленарлық отырысы барысында.

Мұнайдыӊ орташа жылдық бағасы бір барреліне 30 АҚШ долларынан 35 АҚШ долларына дейін өсті; АҚШ долларыныӊ орташа жылдық есептеу бағамы бір АҚШ долларына 360 теӊге деӊгейінде сақталды; ағымдағы жылғы қазан айында "Қашаған" кен орныныӊ іске қосылуыныӊ күтілуіне және мұнайдыӊ орташа жылдық бағасыныӊ өсуіне байланысты мұнай өндіру көлемі 74,0 млн. тоннадан 75,5 млн. тоннаға дейін өсті.

"Жылдыӊ басынан бергі экономика салаларыныӊ даму серпінін және жаӊартылған сценарийлік жағдайларды ескере отырып, 2016 жылы ЖІӨ-ніӊ өсуі бұрын мақұлданған 0,5% деӊгейінде қалады" - деп хабарлады министр.

Экспорт бойынша болжам 3,2 млрд. АҚШ долларға 35,3 млрд. АҚШ долларға дейін өсті, импорт - 4,6 млрд. АҚШ долларға 26,7 млрд. АҚШ долларға дейін өсті. Ұлттық Банктіӊ болжамы бойынша 2016 жылы инфляция бұдан бұрын бекітілген дәлізге тиісті 6-8% деӊгейінде қалыптасады.

"Түзетілген макроэкономикалық болжамныӊ, сондай-ақ ағымдағы жыл басынан бергі салықтық түсімдердіӊ серпіні негізінде 2016 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері нақтыланды. Республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2016 жылы 4 200,2 млрд. теӊге көлемінде бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 834,9 млрд.теӊгеге артық" - деп белгіледі Бишімбаев.

Бұл ретте, Ұлттық қордыӊ айтарлықтай төмендеуіне жол бермеу мақсатында 2016 жылы кепілдендірілген трансферттіӊ мөлшерін 2 880 млрд. теӊгеден (8 млрд. АҚШ доллары) 2 479,7 млрд. теӊгеге (6,9 млрд. АҚШ доллары) дейін қысқартып, кепілдендірілген трансфертті 400,3 млрд. теӊгеге аз көлемде тарту ұсынылады. Сондай-ақ, басым түрде Халықаралық қаржылық ұйымдарыныӊ қарыздарын бірлесіп қаржыландыруға көзделген және Үкіметтіӊ арнайы резервініӊ қаражаты есебінен қалыптасқан үнемдеу есебінен нысаналы трансфертті 54,6 млрд. теӊгеден 752,9 млрд. теӊгеге дейін азайту ұсынылып отыр.

"Осылайша 2016 жылы Ұлттық қордан трансферт мөлшерін 454,9 млрд. теӊгеге (1,3 млрд. АҚШ доллары) қысқарту ұсынылып отыр, бұл Үкіметпен бірінше рет қабылданды. Бюджет тапшылығы бекітілген 902,7 млрд. теӊге немесе ЖІӨ-ге қатысты 2,0 % деӊгейінде сақталған" - деп хабарлады министр.

Тұтастай алғанда, 2016 жылы республикалық бюджеттіӊ шығыстарын Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген және нысаналы трансферттердіӊ мөлшерін түзетуді ескере отырып, 8 646,7 млрд. теӊге көлемінде белгілеу ұсынылуда, ол бекітілген көлемнен 379,9 млрд. теӊгеге артық.

"Заӊ жобасы 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енген түзетулерге сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджетке толықтырулар енгізді. Ұлттық банктіӊ болжамы бойынша 2016 жылы құнсыздану 6-8 пайыздық деӊгейде болады. Түзетілген макроэкономикалық болжамдардыӊ негізінде, сонымен қатар салықтық түсімдердіӊ динамикасы негізінде ағымдағы жылдыӊ басынан бастап 2016 жылға арналған республикалық бюджеттіӊ параметрлері анықталды. Осылайша, трансферттерді есептемегенде, республикалық бюджеттіӊ кірісі 2016 жылы 4 трлн 200 млрд теӊге көлемінде бағалануда, ол бекітілген жоспардан 834,9 млрд-қа жоғары", - деді Парламент Мәжілісініӊ Қаржы және бюджет комитетініӊ төрайымы Гүлжан Қарағұсова.

"Республикалық бюджет шығындары 2016 жылы 8 646,7 млрд теӊгені құрайды, ол нақтыланған жоспардан 379,9 млрд теӊгеге жоғары. Бюджеттік шығын бағытын нақтылаудыӊ басым бағыттары: экономикалық өсімді 283,4 млрд теӊгеге жеткізуге ынталандыру. Оныӊ ішінде: АӨК қолдауға - 97,3 млрд теӊге, индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасыныӊ екінші кезеӊін жүзеге асыруға - 11.9 млрд теӊге, көліктік инфрақұрылымды дамыту - 74,2 млрд теӊге. Қауіпсіздік қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларға 70,2 млрд теӊге бағытталады. Оныӊ ішінде 42,7 млрд теӊгесі Елбасыныӊ діни экстремизм мен терроризмге қарсы күресті нығайту тапсырмасын орындауға бағытталады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны