26.12.2012, 17:10 3076

Мәжіліс АЭА жөніндегі заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Заң жобасы жалпы арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен ары қарай дамуын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймаққа инвестиция үшін қосымша ынталандыру тетіктерін құру мен кедергілерді төмендету, жекеменшіктегі жер учаскелерін меншік иесінен жалға алу есебінен АЭА-ның аумағын кеңейту қарастырылған.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында "Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Заң жобасы жалпы арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен ары қарай дамуын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймаққа инвестиция үшін қосымша ынталандыру тетіктерін құру мен кедергілерді төмендету, жекеменшіктегі жер учаскелерін меншік иесінен жалға алу есебінен АЭА-ның аумағын кеңейту қарастырылған.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау заң жобасын таныстыру барысында АЭА аумағын кеңейту үшін жер телімдерін жекеменшік иесінен жалға алу тұрпатты шартқа сәйкес жүргізілетінін айтты. Оны бекіту Үкіметтің өкілеттілігіне жатқызылады. Заң жобасы бойынша жұмыс барысында депутаттар құжаттың бөлек нормаларын жақсартуға бағытталған бірқатар түзетулер енгізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны