14.02.2007, 16:05 2995

Мәжіліс агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасының басты мақсаты агроөнеркәсіптік кешенді мемлекет тарапынан қолдау шараларының тиімділігі мен атаулылығын, бәсекелестік қабілетін көтеруге жағдайлар жасау, сондай-ақ, атқарушы билік деңгейлері арасындағы өкілеттілікті шектеу болып табылады",- деді заң жобасы авторларының бірі, мәжіліс депутаты Еркін Рамазанов.

Атап айтсақ, құжатта агроөнеркәсіптік кешенге субсидия бөлудің қазіргі жүйесін өзгерту межеленген. Депутаттар субсидия бөлу бағыттарын біріктіріп, бұл қаржыны бір гектар егіс алқабына есептеп, басымдық берілген дақылдарға бөлуді ұсынуда.

Заң жобасы авторларының пікірінше, мұндай шара ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру мен олардың сапасын көтеруді, мемлекеттік қолдау шараларын атаулы көрсетуді, ауылшаруашылығының тауар өндірушілерінің тауарларын субсидиямен жоғары деңгейде қамтуды қамтамасыз етеді.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны