19.02.2014, 19:44 23397

Мәжіліс Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін өткен жалпы отырыста Мәжіліс Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін өткен жалпы отырыста Мәжіліс Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Жалпы отырыста сөйлеген жұмыс тобының жетекшісі Арман Қожахметов Кодекс жобасына сәйкес әкімшілік заңнама ізгілендіру, соттарға түсетін жүктемені азайту жолымен реформаланғанын, осыған байланысты соттардың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органдардың (лауазымды адамдардың) құзыреті қайта қаралғанын мәлім етті.

Келісілген жаңаша енгізілімдер, соттар әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде шетелдіктерді не азаматтығы жоқ адамдарды әкімшілік жолмен шығарып жіберу; әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу; белгілі бір қызмет түріне не белгілі бір әрекеттер жасауға арналған арнаулы құқықтан, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлігінен) айыру; қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым көзделген істерді қарайтын болады.

Палата негізгі заң жобасымен қоса бірінші оқылымда ілеспе түзетулерді де мақұлдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны