21.11.2012, 14:55 2834

Мәжіліс әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру мақсатында заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастама жасаған болатын.

Астана. 21-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру мақсатында заң жобасына Мәжілістің бір топ депутаттары бастама жасаған болатын. Еске салсақ, Елбасы 2012 жылдың аяғына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызын, оның ішінде лицензиялаудың барлық түрлерін электрондық нысанда көрсетілуін қамтамсыз етуді тапсырған еді. Ал қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік маңызды қызмет жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қамтамсыз етуге бағытталған мемлекеттік қызметтер болып табылады.

Заң жобасының бастамашыларының айтуынша, құжатпен әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін қысқарту қарастырылады. Халықтан талап етілетін қажетті құжаттар тізбесі мен саны да қысқарады. Бұл ретте құжаттардың 102 түрі қысқартуға түседі. Сонымен қатар, біртекті мемлекеттік қызметтер топтық қызметтерге біріктіріледі. Соның арқасында азаматтар бір өтініш жазу арқылы бірнеше мемлекеттік қызмет ала алатын болады. Балаларға арналған жәрдемақыларды тағайындау және төлеу бойынша мемлекеттік қызметті халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алу тәртібі нақтыланады.

Мәжіліс мақұлдаған құжат Сенатқа жолданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны