14.09.2011, 09:35 2859

Мәжіліс әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік сатып алу туралы заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

Заң жобасымен "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" және "Мемлекеттік сатып алулар туралы" ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Астана. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы барысында депутаттар әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік сатып алу туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, заң жобасымен "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" және "Мемлекеттік сатып алулар туралы" ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жабдықтау және iске асыру процессiнде өзара әрекеттесу регламентін белгiлейтiн нормалар енеді.

Сонымен бiрге қазақ және орыс тiлдерiнде байқау құжаттарын ресiмдеуді мiндеттеуге қатысты "Мемлекеттiк сатып алулар туралы" ҚР Заңына түзету енгiзiледi.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны