04.02.2015, 14:29 4069

Мәжіліс әлеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі заӊ жобасын мақұлдады

ҚР Парламент Мәжілісініӊ пленарлық отырысында депутаттар "Илеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасын мақұлдады

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Парламент Мәжілісініӊ пленарлық отырысында депутаттар "Илеуметтік-еӊбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оӊтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталған заӊ жобасы Мемлекет басшысыныӊ "электрондық үкіметті" дамыту және мемлекет көрсететін қызметтерге азаматтардыӊ қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес әзірленді. Құжатта азаматтарға мемлекеттік және жергілікті органдарда немесе зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтарда әлеуметтік-еӊбек саласындағы 36 мемлекеттік қызметтіӊ 16-сы бойынша өтінім беру және қызмет алу мүмкіндігін беруді, сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО), "Электрондық үкімет" порталы арқылы, медициналық-санитариялық сараптама (МСС) бөлімдерінде қызмет көрсетуді қарастырылған", - делінген әлеуметтік - мәдени даму комитетініӊ қорытындысында, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Заӊ жобасына сәйкес азаматтар "электрондық үкімет" порталы арқылы жасына қарай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін және мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды, жұмыстан босаған жағдайда және бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуге қажетті құжаттарын өткізе алады.

Бұдан басқа, ол Үкіметтіӊ бірыӊғай ақпараттық жүйесін пайдалану талап етілетін құжаттар санын және көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, базалық зейнетақы рәсімдеу барысында азаматтар 5 құжаттыӊ орнына тек жеке куәлігін көрсете алады, ал қызмет мерзімі 7 күннен 30 минутқа дейін қысқарады.

Аталып өткендей, ағымдағы жылдыӊ 2 ақпанында Үкіметтіӊ аталмыш түзетулер турасында оӊ қорытындысы алынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны