20.06.2007, 14:39 2416

Мәжіліс Алматыдағы аймақтық қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша зңнамаға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Алматыдағы аймақтық қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасымен үш заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ондағы мақсат - қор биржасының коммерциялық ұйым түрінде жұмыс істеуіне жағдай жасау және сауда-саттықты ұйымдастырушылардың акцияларының қоржынына иелік етушілердің аясын кеңейту, қазір жұмыс істейтін брокерлік және дилерлік ұйымдарды қаржы орталығының қатысушысына айналдыру және олар үшін аккредитациялау процедураларын қарастыру, акционерлік қоғамдардық іс-қызметін реттетін нормаларды үйлестіру",- делінген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны