23.06.2010, 17:15 3718

Мәжіліс Алматыдағы Қазақстан-неміс университетін дамыту туралы ҚР мен Германия арасындағы келісімді ратификациялады

"Университет жаңа мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын неміс оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізеді. Сонымен бірге, аталған Келісім университеттің нығаюына ықпал етеді,- деп хабардар етті білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

Астана. 23-маусым. Kazakhstan Today Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы Үкіметі арасындағы Алматы қаласындағы Қазақстан-неміс университетін дамыту жөніндегі одан әрі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Университет жаңа мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын неміс оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізеді. Сонымен бірге, аталған Келісім университеттің нығаюына ықпал етеді,- деп хабардар етті білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

"Бұл ретте Германия тарапы оқу орнын дамытуға 3,5 млн. еуро бөлмек"- деп мәлім етті ол.

"Осылайша, Қазақстан азаматтары шетелге шықпай-ақ, елімізде сапалы неміс білімін алуға мүмкіндіктері болады. Жалпы, оқу орны тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиядағы бірегей білім беру орталығына айналмақ. Қазақстан-неміс университеті Еуропалық және Орталық Азиялық жоғары білімінің ықпалдастық даму базасына айналады деп болжанады",- деді заң жобасына қатысты баяндама жасаған білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны