06.06.2007, 14:58 2772

Мәжіліс Армения үкіметімен арадағы халықаралық автотасымал жөніндегі келісімді бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 6-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "ҚР үкіметі және Армения үкіметі арасындағы халықаралық автокөлік тасымалы жөніндегі келісімді бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Келісімнің мақсаты халықаралық автокөлік тасымалы саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі ел арасындағы автокөлік тасымалын жеңілдетуге саяды",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Келісімнің ережелерінде екі жақты қарым-қатынаста халықаралық автотасымалға рұқсат алмау жүйесін енгізу және тарап-мемлекеттің аумағы арқылы транзитті өтуге, сондай-ақ, үшінші елдерге тасымал жасау қарастырылған.

Келісімге 2006-жылдың 6-қарашасында Астанада қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны