28.03.2007, 14:08 3061

Мәжіліс арнаулы экономикалық аймақ туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

АСТАНА. 28-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Арнаулы экономикалық аймақ туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қазақстан Республикасының индустрия және сауда вице-министрі Қуандық Бишимбаев түсіндіргендей, заң жобасы "арнаулы экономикалық аймақты, сонымен қатар арнаулы экономикалық зонаға қатысушылардың құқықтарына берілетін кепілдіктерді реттейді". Заң жобасымен кеңесші орган болып табылатын және кәсіпкерлік пен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің пікірін ескеру үшін құрылатын "сараптамалық кеңес" түсінігі енгізіледі.

Жалпы, вице-министрдің сөздеріне сүйенсек, заң жобасымен арнаулы экономикалық аймақ құру, оның жұмыс істеуі және тарату тәртібі белгіленеді. Сонымен қатар, заң жобасының нормалары аталмыш заңның күшіне енгенге дейін құрылған арнаулы экономикалық аймақтарына қолданылмайды.

Сондай-ақ, депутаттар "Арнаулы экономикалық зоналар іс-қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнама актілеріне толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталмыш құжат Салық және Жер кодекстеріне түзетулер енгізеді және арнаулы экономикалық аймақтар аумағындағы жер телімдерін пайдаланудың төлемдері мен есептеулер тәртібін реттейді.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін арнайы мекемеге ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны