Система Orphus

Мәжіліс "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

27.05.2009, 17:41 3478

Астаан. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Елімізде жеке сот орындаушылары институтын құру мақсаты көзделіп отыр. Осы мақсатты көздейтін "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң жоба және соған сәйкес заңдарға ұсынылған түзетулер бірінші оқылымда мақұлданды.

Орындаушылық жүйесін түбегейлі реформалау мақсатында Қазақстанда орындаудың мемлекеттік жүйесімен қатар жеке сот орындаушыларының институтын енгізу ұсынылды. Бұл өндіріп алушыларға мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысына жүгінуді таңдау құқығын береді.

Жеке сот орындаушыларының институтын енгізу қосымша бюджет қаражаттарын жұмсамай-ақ, орындаудың мемлекеттік жүйесінің жүгін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасы жөнінде Жоғарғы соттың жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Ирак Елекеевтің баяндама жасады. Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Берік Бекжанов жұмыс тобының атқарған қызметі жайлы қосымша түсінік берді.

Осы заң жобасын мәжіліс қабырғасында қарау кезінде комитеттер мен депутаттардан бірқатар ұсыныстар келіп түскен. Олар салыстырма кестеге түсірілді. Депутаттардың барлық түзетулері жүмыс тобы мен Заңнама және сот-қүқықтық реформа комитетінің отырыстарында Сот әкімшілігі комитеті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы, Жоғарғы сот, Иділет министрлігі өкілдерінің қатысуымен қаралып, талқыланды.

Мәжілістің салалық комитеті жеке орындаушылық институтын енгізу жолымен атқарушылық іс жүргізу жүйесін жаңарту - бұл оның тиімділігіне елеулі әсер ететін және атқарушылық іс жүргізу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жоюға жәрдемдесетін қолайлы әрі пісіп-жетілген сапалы шара екенін атап өткен.

"Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау сот шешімдерінің орындалу сапасын арттырады және сот пен өзге де органдар актілерінің нақты әрі мүлтіксіз орындалуына жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ жеке орындаушылық институтын енгізу бюджетке түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына әкеп соғады",- деді Ирак Елекеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны