17.06.2009, 13:16 1757

Мәжіліс "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Заң жобасымен елімізде жеке сот орындаушылары институтын құру мақсаты көзделіп отыр.

Орындаушылық жүйесін түбегейлі реформалау мақсатында Қазақстанда орындаудың мемлекеттік жүйесімен қатар жеке сот орындаушыларының институтын енгізу ұсынылды. Бұл өндіріп алушыларға мемлекеттік немесе жеке сот орындаушысына жүгінуді таңдау құқығын береді.

Жеке сот орындаушыларының институтын енгізу қосымша бюджет қаражаттарын жұмсамай-ақ, орындаудың мемлекеттік жүйесінің жүгін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Мәжілістің салалық комитеті жеке орындаушылық институтын енгізу жолымен атқарушылық іс жүргізу жүйесін жаңарту - бұл оның тиімділігіне елеулі әсер ететін және атқарушылық іс жүргізу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жоюға жәрдемдесетін қолайлы әрі пісіп-жетілген сапалы шара екенін атап өткен.

Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау сот шешімдерінің орындалу сапасын арттырады және сот пен өзге де органдар актілерінің нақты әрі мүлтіксіз орындалуына жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ жеке орындаушылық институтын енгізу бюджетке түсетін салық түсімдерінің ұлғаюына әкеп соғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны