24.06.2015, 12:31 3311

Мәжіліс атом энергиясын пайдалануға қатысты заӊ жобасын мақұлдады

Парламент Мәжілісініӊ депутаттары пленарлық мәжіліс барысында ҚР "Атом энергиясын пайдалану туралы" заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 24 Маусым. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісініӊ депутаттары пленарлық мәжіліс барысында ҚР "Атом энергиясын пайдалану туралы" заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталмыш құжат Мәжілістіӊ 2014 жылғы жоспарына сәйкес дайындалған болатын және ол ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғыларды орналастыру, салу, пайдалану және пайдаланудан шығару кезінде қауіпсіздіктіӊ қағидаттары мен негізгі талаптарын белгілеуге бағытталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұдан бөлек, құжатты қабылдау атом энергиясын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамту және оны реттеудегі атом энергиясын пайдаланатын мекемелерге қауіпсіздік деӊгейініӊ талаптарын орындауға, оларды жүзеге асыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. "Сонымен қатар, заӊ жобасы қоршаған ортаны қорғауды көздейді, яғни, мемлекеттік органдар мен ұйымдардыӊ жауапкершілік уәкілеттілігін нақтылау арқылы қоршаған ортаны қорғаудыӊ тиімді жолдары анықталады", -деді Энергетика министрі Владимир Школьник, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, аталған заӊ жобасы республикалық және жергілікті бюджеттерден шығынды қажет етпейді. Құжаттыӊ зиянды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары болмайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны