Мәжіліс әуе кемелерінде жасалатын қылмыстарға қарсы конвенцияларды мақұлдады
Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Мәжілістіӊ жалпы отырысында депутаттар әуе кемелерінде жасалатын қылмыстарға қарсы конвенцияларды мақұлдады. Отырыста әуе кемелерініӊ бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны (1963 жылғы, Токио) және Иуе кемелерініӊ бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін Хаттаманы (2014 жылғы, Монреаль) ратификациялау туралы заӊ жобасы талқыланды.
Ратификациялаудыӊ мақсаты Халықаралық азаматтық авиация ұйымы ассамблеясыныӊ 39-ші сессиясыныӊ шешімін жүзеге асыру болып табылады.
Бұл халықаралық шарттар әуе кемелерініӊ бортында тәртіпсіз мінез-құлықтыӊ жолын кесу және тәртіпке бақылау жасауға бағытталған.
Конвенцияға сәйкес, Қатысушы-мемлекеттер, егер олар ұшақ тіркелген мемлекет болып табылса немесе ол әуе кемесін қондырған мемлекет ретінде көрінсе әуе кемесініӊ бортында жасалған қылмыстарға қатысты өздерініӊ юрисдикциясын жүзеге асыруға құқылы.
Конвенция мен Хаттамада, сондай-ақ, әуе кемесініӊ командирлері мен экипаж мүшелерініӊ ұшу кезінде тәртіпсіз жолаушыларға қолданатын шектеу шаралары бойынша өкілеттіктері анықталды және кеӊейтілді.
Хаттамада экипаж мүшелеріне, жолаушыларға және қауіпсіздік қызметі қызметкерлеріне тәртіпсіз жолаушыларға қатысты алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік беретін нормалар көзделген.
Қазақстан Республикасыныӊ қолданыстағы қылмыстық және әкімшілік кодекстерінде осы әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған.
Осы халықаралық шарттардыӊ жүзеге асуы әуе кемесініӊ бортында мазасыз және тәртіпсіз жолаушылармен проблемаларды шешуге жәрдемдеседі.
Осы ережелерді қабылдау Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ терроризмге қарсы тұру, сондай-ақ азаматтық авиация қозғалысыныӊ қауіпсіздігі қатеріне тиісті дәрежеде әрекет ету талаптарына сәйкес келеді.
Сондай-ақ, "Иуе кемелерін заӊсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Иуе кемелерін заӊсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын Хаттаманы ратификациялау туралы" Заӊ жобасы да дептутаттар талқысына ұсынылды. Иуе кемелерін заӊсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттама 2010 жылғы 10 қыркүйекте Пекинде жасалды.
Хаттама әуе кемесін заӊсыз басып алу актілерініӊ тізімін кеӊейтеді. Атап айтқанда, аэронавигациялық жүйелеріне араласу және кибер-шабуылдар қолдану арқылы әуе кемелеріне қосымша бақылау енгізілді. Егер біреу осындай қылмыс жасау қатерін төндірсе, ол да қылмыс деп есептелінеді.
Хаттамаға қылмыстық әрекеттерге қатысудыӊ әртүрлі формалары енгізілді. Мәселен, қылмыс жасауға оқталған, оны ұйымдастырған, серіктес ретінде қатысқан, басқа адамға жауапкершіліктен қашуына әдейі көмектескен, бір немесе бірнеше адаммен қылмыс жасауға сөз байласқан адамдар қылмысқа қатысушылар болып табылады.
Бүгін палата отырысында Мәжіліс "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы"Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊ жобасын жұмысқа алды.
Сонымен қатар, депутаттар"Қазақстан Республикасыныӊ кейбір конституциялық заӊдарына Қазақстан Республикасыныӊ әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Конституциялық заӊ жобасын, сонымен қатар оған ілеспе заӊ жобасын жұмысқа алды.
Жаӊа заӊ жобаларыныӊ қатарындадене шынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты заӊ жобасы мен Қазақстан мен Үндістан Үкіметтері арасындағы БҰҰ-ныӊ Ливандағы Уақытша күштеріндегі (БҰҰЛУК) үндістандық батальон құрамында қазақстандық бітімгершілік контингентті бірлесіп өрістету тәртібі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралыЗаӊ жобасы бар.
Жалпы отырыс соӊында халық қалаулылары орталық мемлекеттік атқарушы органдарлыӊ басшыларына бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар Г.Щегельский, И. Бектұрғанов, С. Имашева, М. Махамбетов, Т. Сыздықов, М. Теміржанов, Б. Макен, А. Перуашев.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.