11.10.2006, 15:05 3011

Мәжіліс автокөлікпен жолаушы және жүк тасымалы жөніндегі Хорватиямен арадағы келісімді бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 11-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "Халықаралық автокөлік қатынасының көмегімен жолаушы және жүк тасымалдау жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық келісімін бекіту туралы" заң жобасын бекітуді мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, "келісімнің мақсаты -Хорватия мен Қазақстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, екі ел арасындағы автокөлікпен жүзеге асырылатын жүк тасымалы талаптарын жеңілдету болмақ".

Келісім халықаралық автокөлік қатынасын аясында жүк және жолаушы тасымалын, осы аумақтар арқылы өтетін транзитті тасымалды, сондай-ақ, екі мемлекет аумағында тіркелген көлік құралдарымен үшінші ел арқылы жүк тасымалдауды реттейді.

Келісімге 2006-жылдың 11-шілдесінде Загреб қаласында қол қойылған.

Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны