01.10.2008, 14:09 1544

Мәжіліс Азаматтық кодекске енгізілетін өзгертулерді екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Азаматтық кодекске енгізілетін өзгертулерді екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Заң жобасында мемлекеттік меншік нысандарын иеліктен шығарып, оны заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне беру туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру қарастырылған", - делінген мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Қорытындыда атап көрсетілгендей, "Азаматтық кодекстің 249-бабының 3-тармағының қазіргі редакциясында мемлекеттік меншік нысандарын иеліктен шығарып, оны заңды тұлғалар мен азаматтардың жеке меншігіне беруді тек жекешелендіру жөніндегі заңнамалық актілердің аясында жүзеге асыру қарастырылған.

"Сөйтіп, жекешелендіру, яғни, мемлекеттік мүлікті сату мемлекеттік мүлікті басқарудың бір түріне жатады. Ал қолданыстағы заңнамалық актілермен, соның ішінде "Жекешелендіру жөніндегі" заңмен мемлекеттік мүлікті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын өтеуге беру мүмкіндігі регламенттелмеген", -делінген қорытындыда.

"Осыған байланысты заң жобасымен Азаматтық кодекстің 249-бабының 3-тармағына өзгерістер енгізіп, онда мемлекеттік мүлікті заңды тұлғалардың жарғылық капиталын өтеуге беру және мемлекеттік меншік нысандарын жеке меншіктегі құны бірдей мүлікке ауыстыру секілді мүлікті басқарудың түрлерін қарастыру ұсынылып отыр", - делінген қорытындыда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны