07.03.2007, 14:03 3601

Мәжіліс азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге дайындалып жатуына байланысты жасалған",- делінген мәжілістің ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Заң жобасының басты мақсаты Қазақстан Республикасының азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі, жемдер мен жемдік қоспалар, ауыз су саласындағы заңнамасын "Техникалық реттеу туралы" заңмен белгіленген талаптарға және халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру, сондай-ақ, мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық және малдәрігерлік бақылау обьектісі болып табылатын азық-түлік өнімдеріне қойылатын міндетті талаптарды айқындау, белгілеу және оларды жүзеге асыруға байланысты қарым-қарынастарды құқықтық реттеуді жолға қою болып табылады",- делінген қорытындыда.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны