03.03.2010, 18:30 3308

Мәжіліс "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады (толықтырылған)

Мәжіліс "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады (толықтырылған)

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев баяндама жасап, қос мемлекет арасындағы келісімнің мақсатын түсіндіріп, депутаттардың сұрақтарына жауап берді.

Баяндамашының айтуынша, "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрі пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен қызмет шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы 2004 жылғы қаңтардың 9-ында "Байқоңыр" кешенін тиімді пайдалану жөніндегі ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойған.

Келісімде "Байқоңыр" ғарыш айлағының инфрақұрылымын жаңғыртудың және оның тарихи маңызы бар нысандарын сақтаудың маңыздылығы танылады. Қазақстандық және ресейлік мамандар мен ұйымдар бірлескен жобаларды іске асыруға бірдей шарттармен қатысатын болады.

Қазақстан мен Ресей Келісім шеңберінде зымыран-ғарыш қызметін жүзеге асыруға байланысты экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу жөнінде бірлескен жұмыстар жүргізу қажеттгін қарастырады.

Сонымен бірге Келісім "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенін әзірлеуді және құруды көздейді.

Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Сағынбек Тұрсынов жұмыс тобының атқарған қызметі жайлы баяндап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны