03.10.2012, 10:49 2813

Мәжіліс балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны мақұлдады

Аталған Конвенция 1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған. Конвенция уағдаласушы мемлекеттердің кез келгеніне заңсыз алып өтілген, заңсыз ұсталып отырған балалардың дереу қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған болатын. Сондай-ақ құжат уағдаласушы мемлекеттердің біреуінің заңнамасында көзделген қорғаншылыққа және қол жеткізуге құқықтардың басқа уағдаласушы мемлекеттер аумағында сақталуын да қарастырады.

Астана. 3-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құжат Парламент Сенатына жолданатын болады.

Аталған Конвенция 1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған. Конвенция уағдаласушы мемлекеттердің кез келгеніне заңсыз алып өтілген, заңсыз ұсталып отырған балалардың дереу қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында жасалған болатын. Сондай-ақ құжат уағдаласушы мемлекеттердің біреуінің заңнамасында көзделген қорғаншылыққа және қол жеткізуге құқықтардың басқа уағдаласушы мемлекеттер аумағында сақталуын да қарастырады.

"Конвенцияға қосыла отырып, Қазақстан заңсыз алып өтілген балалардың дереу қайтарылуына міндетті саналады. Құжатты қабылдау арқылы еліміз осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайта түседі, заңсыз алып өтілген жағдайда қазақстандық балаларды халықаралық ауқымда қорғауды қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, олардың тұрақты тұратын мемлекетіне қайтарылуына қатысты бірегей үдерістерді мойындайды", - деді заң жобасы бойынша баяндаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Оның айтуынша, аталған Конвенция Уағдаласушы мемлекетте тұрақты тұрған кез келген балаға қатысты қолданылатын болады. Бұдан бөлек, Конвенцияға сәйкес, бала 16 жасқа толғанда оның қолданылуы тоқтатылады.

Құжатта Орталық органның функциялары, балаларды қайтару, қол жеткізу құқығын жүзеге асыруды ұйымдастыру немесе қамтамасыз ету тәртібі белгіленеді. Конвенцияға бүгінгі таңда 80-нен астам ел қосылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны