14.01.2015, 15:45 4150

Мәжіліс балаларды олардыӊ дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғауға бағытталған заӊ жобасын мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісініӊ жалпы отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы екінші оқылымда мақұлданды

Астана. 14 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісініӊ жалпы отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған құжат бұған дейін мақұлданған "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заӊ жобасыныӊ нормаларына орай дайындалған. Заӊ жобасына Мәжілістіӊ бірқатар депутаттары бастамашылық жасап отыр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Иуелгіде құжат бойынша Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "ҚР-да баланыӊ құқықтары туралы", "Жарнама туралы", "Телерадиохабарларын тарату туралы" және "БАҚ туралы" заӊдарға өзгерістер енгізу қамтылған болатын. Мәселені зерттей келе, негізгі заӊ жобасыныӊ мазмұны айқындалды. Соған орай, өзгерістер енгізілетін заӊдардыӊ қатары толыға түсті. Атап айтқанда, "Рұқсаттамалар мен хабарландырулар туралы", "Дербес деректер туралы", "ҚР мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы", "Білім және ғылым туралы" бірқатар заӊдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырмыз", - деді заӊ жобасы бастамашыныӊ бірі депутат Алдан Смайыл.

Оныӊ айтуынша, өзгерістер негізінен ақпараттық қауіпсіздіктен бастап, радиоэлектрондық немесе жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану қағидаларыныӊ сақталуы, білім беру мекемелерінде балаларды зиянды ақпараттан қорғауды қамтамасыз ететін ақпараттық бағдарламалық кешенніӊ болуы секілді нормалар қамтылып отыр.

"Бұдан бөлек, жарнаманы балалар денсаулығы мен дамуына зиянын тигізетін ақпараттық өнімді насихаттау үшін пайдаланбау, интернет ресурстарына талап қою, балалардыӊ ақпараттық қауіпсіздігі бағытындағы мемлекеттік саясат пен оны іске асыру секілді өзекті шаралар қамтылған", - деді депутат.

Екінші оқылымда мақұлданған заӊ жобасы Сенатқа жолданады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны