03.03.2010, 18:29 3489

Мәжіліс баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады (толықтырылған)

Мәжіліс баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады (толықтырылған)

Астана. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Заң жобасы бойынша ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Иубәкіров баяндама жасады. Сондай-ақ Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова қосымша түсінік берді.

Аталған заң жобасымен Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" және "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр.

Аталған заң жобасын қарау барысында мәжіліс депутаттары 100-ге жуық түзету берген, олардың бір бөлігі қабылданып, салыстырма кестеге енгізілген. Түзетулер баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, заң жобасында ұрлық, тонау және бопсалаушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік басталатын жасты 14-тен 16-ға дейін ұлғайту көзделген. Кәмелеттік жасқа толмаған баланы жезөкшелікпен айналысуға тартқаны үшін жауаптылық көзделген бап енгізіледі, кәмелетке толмаған баланың эротикалық сипаттағы материалдарды сатуына тыйым салынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны