21.09.2011, 14:10 3117

Мәжіліс банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту туралы заң жобасын мақұлдады

Отырыс барысында аталмыш құжатқа байланысты баяндама жасаған Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Құттықожа Ыдырысовтың айтуынша, заң жобасының мақсаты - банктік қызметті және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша, тәуекелдерді азайтып, банктер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдерді азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, отырыс барысында аталмыш құжатқа байланысты баяндама жасаған Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Құттықожа Ыдырысовтың айтуынша, заң жобасының мақсаты - банктік қызметті және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша, тәуекелдерді азайтып, банктер қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар құжат банктік конгломераттарды олар жүргізетін операциялар мен инвестициялар бөлігінде арттыру мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамалық базасын жетілдіру болып табылады. Отырыс барысында депутаттар заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны