Мәжіліс "Банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады
Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" -Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Банкроттық мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Заң жобасында төлемдік қабілеті жоқ ұйымдарды сауықтыру процедураларына тарту арқылы қаржылық-экономикалық сауықтыру тетіктері, банкроттық саласындағы біртұтас уәкілетті органды айқындау, конкурстық, реабилитациялық басқарушылар мен сыртқы бақылаушы администраторларды айқындау, сондай-ақ, қолданыстағы "Банкроттық туралы" заңды жетілдіру қарастырылған", -делінген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.
Төлемдік қабілеті жоқ ұйымдарды сауықтыру процедураларына тартуға қажетті жағдайларды жасау үшін заң жобасында кредиторлар мен борышкерлер үшін бірқатар ынталандыру шаралары көзделген. Атап айтсақ, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар үшін сауықтыру мерзімін ұлғайту, сауықтыру шарасын қолдану үшін құжаттар тапсыру тәртіптерін жеңілдету секілді ынталандыру шаралары бар.
Заң жобасында банкрот-ұйымдардың мүлкінің қожайындары мен жетекшілерінің және жеке кәсіпкерлердің жалған әрі қасақана банкроттық жариялағаны үшін жүктейтін жауапкершілігін күшейту көзделген. Сондай-ақ, банкроттардың ісі мен олардың мүлкін басқарумен шұғылданатын конкурстық және реабилитациялық басқарушылар мен сыртқы бақылаушы администраторлардың банкрорттық жөніндегі заңды бұзғаны үшін жүктейтін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі бекітіледі.
Заң жобасы сенатқа жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
тақырып бойынша жаңалықтар
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде
Мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттері толық әрі уақтылы орындалуда. Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер бекітілген мерзімнен бұрын берілуде. Мұндай режим биылғы 1 қыркүйекке дейін сақталатын болады. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Тасқын судан зардап шеккендердің барлығына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Бүгінде ол 11 мыңнан аса отбасыға төленген. Үкімет азаматтарға бүлінген үй заттарын алу үшін қосымша 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде көмек көрсету туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Бүгінде 500-ден аса бала әлі де эвакуациялық орталықтарда қалып отыр. Олар да білім беру үрдісімен қамтылған. Олардың ата-аналары тасқын судың кетіп, үйлеріне оралғанын немесе баспаналарын қалпына келтіру үшін бағалау жүргізілуін күтіп жүргенін түсінемін. Бұл санаттағы балалардың ата-аналарына бізде балаларды орналастыруға қарастырылған тағы 4 мыңнан аса орын бар екенін айтқым келеді. Егер келісімін берсе, оларды сол жерлерге орналастыруға дайынбыз. Оқу маусымы аяқталған соң ата-аналардың келісімімен балаларға өзі тұрып жатқан аймақта, не басқа өңірлерде орналасқан жазғы демалыс лагерлеріне баруына мүмкіндік беріледі. Бұл мәселемен Оқу-ағарту, жоғары білім, туризм және спорт министрлері тікелей айналысуда", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады
Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", деп көрсетілген Өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тасқынға қарсы төселген құмқаптар жиналады
Ерте ме, кеш пе тасқын аяқталады. Сол кезде қалың құмқапты не істейсіздер? Бұл жаңа экологиялық апатқа әкелмей ме? Осы күйі қалдырып кетпейсіздер ме? Ертең оны кім жинастырады№" - деп сұрады БАҚ өкілі.
Дұрыс түсінуіңіз керек. Бәрі ол күйінде қалмайды. Әрине, экологияға жауап беретін органдар бар, әкімдіктер де ондай бөлімшелер бар. Оның бәрімен айналысады. Бүгінгі таңда бөгеттерді, уақытша дөңдерді жасаған болсақ, әшейін қалады деп ойламаймыз. Оны да керек-жараққа, халықты, үйлерді, елді қорғауға жаратамыз. Оны өңдеу жұмыстары болады", - деді Бауыржан Сыздықов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бүгінде 5 мыңнан астам тұрғын үй, 18 мыңнан астам саяжай мен 1 мың аула аумағы, сондай-ақ 91 ғимарат су астында қалып отыр
Су тасқынының салдары ауқымды болды, елді мекендерге зиян келтірді. 10 облыста 41 жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Қазір Абай мен Павлодар облысының 3 ауданында ТЖ режимі алынып тасталды",---- деді Шыңғыс Әрінов.
Құтқару және шұғыл жұмыстар кезінде жаңа әдістер мен тәсілдер алғаш рет енгізілді. Мысалы, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында понтон көпірлерін орнату, қысқа мерзімде су бұру арналарын салу. Бұл көлік қатынасын қамтамасыз етуге және су басу қаупін азайтуға мүмкіндік берді", - деп атап өтті.
Құтқарушылар босанған әйелдерді де құтқаруға мәжбүр болған жағдайлар болды, олардың барлығы ауруханаларға аман-есен жеткізілді. Иелері тастап кеткен жануарларды да қиын жағдайда қалдырмады", - деп атап өтті вице-министр.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әкімдіктер зардап шеккендерге материалдық шығынды есептеп, төлеп жатыр. Біз су қоймаларын тәулік бойы бақылауды жалғастырамыз, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су басу қаупін азайту үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз", - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Сыздықов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
24.04.2024, 10:30Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА 24.04.2024, 10:36 18801Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады24.04.2024, 16:57 8331Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады24.04.2024, 18:04 6836Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады24.04.2024, 18:12 6571Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
18.04.2024, 12:51 107531"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес18.04.2024, 16:22 103501Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді18.04.2024, 22:15 102791Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі ел өнерпаздарының гала-концертін тамашалады19.04.2024, 11:11 97956Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді19.04.2024, 18:42 94201Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады
04.04.2024, 16:35 121311Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121051Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107531"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 105911Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103501Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді