24.01.2007, 11:50 2860

Мәжіліс білім беру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді жұмысқа қабылдады

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Білім беру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң жобасына берілген түсініктемеде атап көрсетілгеніндей, құжат "қолданыстағы заңнамадағы қарама-қайшылықтарды жою үшін" жасалған.

Мәселен, қазірде "Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соғыс мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер жасау мен әлеуметтік қорғау туралы" заң бойынша жеңілдікке ие болғандарға жоғары және орта арнаулы білім беру орындарына байқаудан тыс қабылдану және кәсіби-техникалық оқу орындарына түсуде артықшылықтар беру құқығы белгіленген. Алайда, "Білім беру туралы" заңда білім беру ошақтарына байқаудан тыс қабылдану қарастырылмағандықтан, аталмыш норма жүзеге аспай отыр.

"Бұл жайт жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалардың құқығының бұзылуына алып келуде. Осыған байланысты аталған тұлғаларды қабылдау квотасына қамтып, гранттар мен несиелер алуда оларға артықша құқық беру ұсынылуда",- делінген түсініктемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны