Система Orphus

Мәжіліс "Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заң жобасын және соған сәйкес заңдарға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

31.03.2010, 14:25 3331

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" заң жобасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәжілістің аграрлық мәселелер комитетінің ақпаратына сәйкес, "Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы заңының жобасы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен 2008 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне енгізілді. Жұмыс тобының жетекшісі - депутат Е.Рамазанов, жұмыс тобының мүшелері - М.Ахмадиев, Б.Бекжанов, В.Нехорошев, Е.Омаров, Б.Смаилов, А.Соловьева.

Заң жобасының мақсаттары биоотын өндірісі және айналымын дамыту, биоотын өндірісі кезінде мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Осы заң жобасының құқықтық реттеу мәні биоотын өндірісі мен айналымына қатысы бар шаруашылық субъектілерінің қызметтері болып табылады.
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2008 жылғы 5 желтоқсанда екінші сессияға жұмыс тобының жетекшісі - депутат Е.А. Рамазановтың басшылығымен "Биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісі және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

Заң жобасы биоотын өндірушілерге және биоотыны бар мұнай өнімдерін өндірушіге құқықтар беруді көздейтін нормалармен толықтырылды.

Депутаттардың ұсыныстары бойынша Үкіметтің биоотын өндірісі кезінде тамақ шикізатын қолдану үшін квота белгілеуіне қатысты нормалар заң жобасынан алып тасталды, өйткені, заң жобасына сәйкес үкіметке биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттың шекті көлемін айқындау жөніндегі өкілеттіліктер берілген.

Заң жобасын екінші оқылымға дайындау кезінде депутаттар биоотын өндірісі кезінде тамақтық шикізатты пайдалануға үкіметтің квота белгілеуіне қатысты нормаларды сақтауға қатысты түзетулер енгізді.

Жұмыс тобының отырыстарында биоотын өндірісі кезінде тамақ шикізатын қолдану үшін квоталар белгілеуге, сондай-ақ 3-сұрыпты бидайды биоотын өндірісінде пайдалануға тыйым салуды белгілеуге қатысты нормаларды алып тастау туралы депутаттардың әр түрлі пікір айтқандығын және жұмыс тобының барлық мүшелері аталған ұсыныстарды қабылдау туралы шешімді қолдамағанын атап өту қажет.

Бас комитет жұмыс тобының отырыстарындағы талқылау барысында туындаған келіспеушіліктерге қарамастан, депутаттардың 3-сұрыпты бидайды биоотын өндірісінде пайдалануға тыйым салу туралы ұсыныстарын қолдамады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны