30.09.2015, 11:42 7188

Мәжіліс бірінші оқылымда Жаӊа Еӊбек кодексініӊ жобасын мақұлдады

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісініӊ пленарлық отырысында палата депутаттары бірінші оқылымда Жаӊа Еӊбек кодексініӊ жобасын мақұлдады

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламент Мәжілісініӊ пленарлық отырысында палата депутаттары бірінші оқылымда Жаӊа Еӊбек кодексініӊ жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол Еӊбек кодексініӊ жобасы Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру мақсатында дайындалғанын атап айтты (83 қадам).

Жаӊа Еӊбек кодексін дайындауға бизнес қауымдастықтардыӊ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ, республикалық және салалық кәсіподақтардыӊ, еӊбек заӊы саласы ғалымдарыныӊ, Халықаралық еӊбек ұйымы өкілдерініӊ және Дүниежүзілік банктіӊ мүдделерін қорғайтын сарапшылар қатысты. Жұмыс тобыныӊ 20-дан астам отырысы өткізілді.

"Жаӊа Еӊбек кодексініӊ тұжырымдамалық моделі тараптардыӊ мүдделер тепе-теӊдігін сақтай отырып, олардыӊ жауапкершілігі мен рөлін айқындап, жұмыс беруші мен қызметкердіӊ еӊбек қатынастарына мемлекет тарапынан араласуын шегін нақты анықтауды ұсынады.

Мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақыныӊ еӊ төменгі деӊгейдегі еӊбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарыныӊ бұл міндеттемелерді орындауын қатаӊ бақылайтын болады.

Жұмыс беруші мен қызметкердіӊ еӊбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардыӊ орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еӊбек шарттары мен оныӊ төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардыӊ әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады", - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, вице-министр Кодекс жобасында жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардыӊ орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еӊбек шарттары мен оныӊ төлемақысын анықтау шараларыныӊ жеӊілдетілгенін атап өтті. Сондай-ақ, негізгі еӊбек кепілдемелері мен қызметкерлердіӊ құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердіӊ құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған.

Қызметкерлердіӊ құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтардыӊ рөлі кеӊейтілді, оныӊ ішінде жақында қабылданған "Кәсіподақтар туралы" Заӊда қарастырылған мүмкіндіктер де есепке алынды.

Осылайша, юнионизация тәжірибесініӊ дамуына септігін тигізетін тараптардыӊ ұжымдық шарттар мен келісімдер жасаудағы қызығушылығы арта түседі.

Еӊбек қатынастарын ырықтандырудағы аталмыш модель ЭЫДУ стандарттарына сай келеді.

Кодекс жобасында қарастырылған негізгі жаӊа ережелер:

1. Еӊбек келісімініӊ шарттарын өзгерту шараларын жеӊілдету, әсіресе экономикадағы дағдарыс жағдайында.

Бұл новелла жұмыс беруші қызметкерлер санын қысқартудыӊ орнына толық емес жұмыс уақыты режимін енгізу және қызметкерлерді уақытша өзге жұмысқа ауыстыру тиімді болған жағдайдағы шарттарды қарастырады.

Мәселен, жұмыс орындарын сақтау мақсатында кәсіпорынныӊ жұмысы тоқтаған жағдайда (бір айдыӊ орнына) қызметкерлерді уақытша ауыстыру мерзімін анықтау ұсынылады. Сондай-ақ, жұмыс берушініӊ қызметкердіӊ денсаулығына зиян тигізбейтін кез келген бос орынға ауыстыру (кәсіпорынныӊ жұмысы тоқтап тұрған жағдайда) құқығы қарастырылады.

2. Жұмыс берушініӊ бастамасымен "ұйымныӊ экономикалық жағдайыныӊ өндіріс, атқарылатын жұмыс, көрсетілетін қызмет көлемініӊ азаюы салдарынан нашарлауы" негізінде еӊбек шарттарын бұзу негіздемесі енгізілді.

Қолданыстағы Еӊбек кодексі бойынша қызметкерлерді қысқарту "қызметкерлердіӊ штаты мен санын қысқарту" негізінде (қолданыстағы кодекстіӊ 54 бабы 1 тармағыныӊ 2 тармақшасы) жүзеге асырылады. Бұл жағдайда қызметкерге 1 ай бұрын себебін түсіндірусіз хабарландырылады, қысқарту жағдайында бір айлық орташа еӊбекақы көлемінде өтемақы төленеді.

Қазіргі таӊдағы дағдарыс жағдайында жұмыс берушініӊ қызметкерлер санын қысқарту шараларын қолдану ықтималдығыныӊ артуы ескеріліп, жоғарыда аталған негіздеме жеке көрсетілді. Сонымен қатар, еӊбек шартын бұзу мүмкіндігі келесі шарттарды бір мезгілде сақтаған жағдайда туындайды:

- құрылымдық бөлімніӊ (цех, бөлімше) жабылуы;

- қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру мүмкіндігініӊ болмауы;

- еӊбек шартын бұзуға негіз болған экономикалық себептері көрсетілген кәсіподақтыӊ кемінде бір ай бұрын берілген жазбаша ескертпесі.

Қызметкерлерге аталған негіздеме бойынша еӊбек қатынастарын бұзу кезінде айлық еӊбекақы мөлшерінде өтемақы төленетін болады.

Сонымен қатар, жұмыс берушіге зейнет жасына келген қызметкерлермен ҚР Заӊымен белгіленген, бұзу тәртібін нақты регламенттелген еӊбек шартын бұзу құқығыныӊ берілуі ұсынылады. Жұмыс берушіге жоғары деӊгейдегі кәсіптілік пен біліктілікке ие, оныӊ жұмысқа икемділігі мен денсаулығыныӊ жағдайын ескере отырып (мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерге ұқсас), зейнет жасына жеткен қызметкерлермен жыл сайын еӊбек шартын ұзарту құқығы беріледі.

3. Жұмыс берушіге сынақтан өту мерзімін кез келген қызметкер санатына қою құқығын беру ұсынылады.

Бұл жаӊа ереже қазіргі таӊдағы жұмыс берушілерге 18 жасқа толмаған тұлғалар, ЖОО мен ТКБ-ніӊ түлектері, мүгедектер, бірінші рет жұмысқа кіріскен азаматтар үшін сынақ мерзімін белгілеуге салынған тыйым аталмыш санаттағы азаматтардыӊ жұмысқа орналасуына септігін тигізбеуімен шартталады. Өйткені, әдетте жұмыс берушілер оларды жұмысқа қабылдамайды.

4. Физикалық мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша шешім қабылдау үшін комплексті шаралар қолдану қарастырылады.

Қолданыстағы Заӊға сәйкес мүгедектермен еӊбек қатынастарын ырықтандыру бойынша жұмыс берушініӊ мүгедектерді жұмысқа алу міндеттемелерімен, олардыӊ жұмыс орындарын құралдармен (дене мен ағза функцияларыныӊ бұзылуы мен шектеулерін ескере отырып) арнайы жабдықтаумен, сонымен қатар оларға қосышма демалыс уақытын (15 күннен кем емес), қысқартылған жұмыс уақытын (аптасына 36 сағаттан көп емес) белгілеумен, шамадан тыс жұмысқа тартуға тыйым салумен реттеледі. Тәжірибеде жоғарыда аталған талаптар мүгедектерді жұмысқа орналастыруға толыққанды мүмкіндік бермейді.

Парламентте қарастырылып жатқан "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заӊнамада жұмыс берушілерге қызметкерлердіӊ жалпы санынан 2-4% құрайтын мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін арнайы жабдықталған жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген квоталарды енгізуді міндеттеу қарастырылады. Сонымен қатар мүгедектердіӊ жұмыс орнын қажетті арнайы құралдармен жабдықтауға арналған жұмыс берушініӊ шығындарын мемлекеттіӊ субсидиялауы ұсынылады.

Өз кезегінде, мүгедектерді шамадан тыс жұмыстарға жегуге тыйым салуды сақтау қарастырылады. Жұмыс уақыты мен қысқартылған жұмыс уақытыныӊ жалпы есебі (аптасына 36 сағаттан кем емес) өзгеріссіз қалады.

Осылайша, жұмыс берушіге жүктелген белгілі жүктемені мемлекет, жұмыс беруші және кәсіподақтарға жауапкершілікті бөлу арқылы азайту нәтижесінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру мәселелері шешімін табуға жол ашады.

5. Жаӊа Еӊбек кодексінде қызметкерлерге еӊбекақы төлеу мәселелері бойынша жұмыс беруші өз күшімен (жұмыс берушініӊ актілерін қабылдау арқылы) болмаса, қызметкерлер өкілдерініӊ бастамасымен (ұжымдық шарт жасасу негізінде) қызметкер жалақысыныӊ формасын, жүйесі мен көлемін таӊдау мәселелерін шешу жағдайы қарастырылған.

Осылайша, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдеріне түнгі уақыттағы, демалыс және мейрам күндеріндегі, сонымен қатар, шамадан тыс жұмыс істегені үшін төлемақы мөлшерін еӊбек және ұжымдық шарттар арқылы реттеу ұсынылады. Сонымен қатар, шамадан тыс жұмыс істегені үшін төленетін төлемақы негізгі мөлшерлеме көлемініӊ бір жарым есесінен кем болмауы шарт.

6. Қоғамдық бақылау саласын күшейту ұсынылып отыр. Кәсіподақ ұсынатын қызметкерлер арасынан техникалық инспекторлар институтын құрып, олардыӊ еӊбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша тепе-теӊдік негізінде құрылатын өндірістік кеӊестер аясында құзіреттілігін қарастыру ұсынылады.

Аталған кеӊеске төмендегідей қызмет түрлерін жүктеу көзделген: еӊбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілер мен қызметкерлердіӊ ортақ қызметін ұйымдастыру, жұмыс орындарындағы еӊбекті қорғау шарттарын тексеру, қызметкерлерге оныӊ нәтижесі туралы хабарлау

Өндірістік кеӊесті тепе-теӊ шарттар негізінде қызметкерлер өкілдері мен жұмыс беруші 2 жыл мезгілдік ротация негізінде басқаратын болады. Жұмыс беруші үшін өндірістік кеӊестіӊ шешімі міндетті болады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны