19.09.2012, 14:52 3280

Мәжіліс бірқатар заң жобаларын қабылдады

Аталған конвенция екі мемлекеттің құзыретті органдары арасында қылмыстық істерге байланысты өзара құқықтық көмек көрсету мәселелерін реттеу мақсатында 2011 жылғы маусым айында Астана қаласында жасалған. Құжаттың ережелеріне сәйкес тараптар бір-біріне қылмыстардың алдын алуда, оларды тергеуде және қылмыстық қудалауда кез келген құқықтық көмек көрсететін болады.

Астана. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған конвенция екі мемлекеттің құзыретті органдары арасында қылмыстық істерге байланысты өзара құқықтық көмек көрсету мәселелерін реттеу мақсатында 2011 жылғы маусым айында Астана қаласында жасалған. Құжаттың ережелеріне сәйкес тараптар бір-біріне қылмыстардың алдын алуда, оларды тергеуде және қылмыстық қудалауда кез келген құқықтық көмек көрсететін болады.

Сондай-ақ, сұрау салушы елдің құқық қорғау органдары құзыретіне кіретін қылмыстық процесс шеңберінде басқа да көмектер қарастырылады. Бұдан бөлек салықтарға, кеден баждарына, валюталық бақылауға және басқа да қаржы мәселелеріне байланысты қылмыстық әрекеттерге де қатысты шаралар қамтылады.

Конвенция ұстап беру мақсатында адамдарды қамауға алуға немесе ұстап беру туралы сұрау салуға, қылмыстық істер бойынша оның ішінде сотталған адамдарды беру туралы сот шешімдерін орындауға қатысты қолданылмайды. Сонымен қатар конвенцияда жәрдемдесу туралы сұрау салудың нысаны мен мазмұны, оны орындау тәртібі белгіленеді. Құпиялылыққа және ақпаратты пайдалануға шектеулер мәселесі ашық көрсетіледі.

Мәжіліс мақлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны