15.01.2014, 19:25 3528

Мәжіліс бірқатар заң жобасына енген өзгерістерді жұмысқа қабылдады

Бүгін Мәжіліс пленарлық отырыста зияткерлік меншік саласын құқықтық мәселелер, ойын бизнесі және "Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобаларын жұмысқа алды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Мәжіліс пленарлық отырыста зияткерлік меншік саласын құқықтық мәселелер, ойын бизнесі және "Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобаларын жұмысқа алды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгінгі таңда мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар жиналған сыйақының көп бөлігін өздерінің жеке шығыстарын өтеу үшін қалдыратыны туралы фактілер орын алып отыр", - делінген хабарламада.

Осыған орай, Авторлық құқық туралы заңда көзделген ұйымдардың міндеттерін нақтылау мақсатында, сондай-ақ, тиесілі авторлық сыйақыны уақтылы төлеуге ықпал ететін болады.

"Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің патенттік заңнамасын үйлестіру мақсатында Қазақстандағы өнеркәсіптік меншік обьектілеріне құқықтарды қорғау құралдарының тізбесінен инновациялық патентті алып тастау орынды болып табылады", - Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев.

"Заң жобасының басты мақсаттарының бірі ойын бизнесі туралы заңнамадағы букмекер кеңселеріне салық салудан жалтаруға, ойын мекемелерінен (тотализатор және букмекер кеңселері кассаларынан) тыс жерде бәс тігуге, ставкаларды қабылдауға, ұтыстарды төлеуге, сондай-ақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғаларға тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін іске асыруға жол беретін құқықтық кемшіліктерді жою болып табылады", - деп Палата алдында Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Сейтсұлтан Ийімбетов баяндады.

Сондай-ақ, Мәжіліс "Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

"Белгіленген квоталардан тыс парниктік газдар шығарындыларын арттырғаны үшін Қазақстан Республикасының Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 243-1- бабына сәйкес артық әрбір тонна үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бүгінгі күні бұл СО2-нің әрбір тоннасы үшін 17 310 теңге",- деді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Александр Милютин.

Түзетулердің мақсаты - парниктік газдар шығарындыларына белгіленген квота көлемін арттырғаны үшін жауапкершілік тетігін кезең-кезеңімен енгізу болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны