08.04.2015, 19:32 2470

МИЖІЛІС БІРҚАТАР ЗАӉ ЖОБАЛАРЫН ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАДЫ

Халық қалаулылары 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан мен Француз үкіметтері арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудыӊ ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарыныӊ құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге түзетулерді қарастыратын хаттаманы ратификациялауға қатысты заӊ жобасын мақұлдады.

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен жалпы отырыс өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Халық қалаулылары 2009 жылғы 6 қазандағы Қазақстан мен Француз үкіметтері арасындағы Жерді қашықтықтан зондтаудыӊ ғарыш жүйесін және ғарыш аппараттарыныӊ құрастыру-сынау кешенін құру мен пайдалану шарттары туралы келісімге түзетулерді қарастыратын хаттаманы ратификациялауға қатысты заӊ жобасын мақұлдады.

Хаттаманыӊ мақсаты-Келісім шеӊберінде жасалған шарттар бойынша тауарлар беруді, сондай-ақ жұмыстар орындау мен қызметтер көрсетуді осы Келісім күшіне енген күннен бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы қосылған құн салығынан босату.

Бүгінгі күні Келісім базасында екі ірі ғарыш жобасы: Қазақстан Республикасыныӊ жерді қашықтықтан зондтаудыӊ ғарыш жүйесін құру және Астана қаласында ғарыш аппараттарыныӊ құрастыру-сынау кешенін құру жобалары іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ, осы күні депутаттар тағы екі ратификациялық құжатқа байланысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындады. Олар: 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Федерациясыныӊ Үкіметі арасындағы "Байқоӊыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге түзетулерді көздейтін хаттаманы, екіншісі, "Каспий теӊізінде төтенше жағдайлардыӊ алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау.

Сондай-ақ, халық қалаулылары Мәжіліс депутаттары С.Қанаев, Н.Логутов, В.Рогалев, Ю.Тимощенко және А.Тойбаев әзірлеген құрылыстағы баға белгілеу, сәулет-құрылыс бақылауын, сондай-ақ объектілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша заӊ жобасын жұмысқа қабылдады.

Жалпы отырыста мәжілісмендер, сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша заӊ жобасына Парламент Сенаты енгізген өзгерістерді мақұлдады. Сенат өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыру шеӊберінде жеке тұлғаларға жалға берілген тұрғын үйге қатысты мүлікке салынатын салық мөлшерлемесін азайту бөлігінде, сақтандыру сыйлықақысыныӊ мөлшерін айқындау бөлігінде, сондай-ақ, редакциялық-нақтылаушы сипаттағы түзетулер енгізді. Ол түзетулер заӊ жобасыныӊ тұжырымдамалық ережелерін өзгертпейді.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны