17.10.2012, 10:24 2716

Мәжіліс Бюджет кодексіне енгізілетін түзетулерді мақұлдады

"2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша 2013 жылы бюджет түсімдері 5 трлн. 415,1 млрд. теңгені құрайтын болады. Ондағы кіріс 3 трлн. 828 млрд. теңге шамасында айқындалған. Кірістің басым бөлігін салықтық түсімдер құрамақ. Бұл бюджет кірісінің 97,6 пайызына тең болжанады. Ал шығыстарға келсек, келер жылғы бюджеттен оның көлемі 6 трлн. 200 млрд. теңгеге қалыптасты. Бюджет тапшылығы 2013 жылы 785 млрд. теңгені құрайды.

Астана. 17-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депуттары "2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, құжат Парламент Сенатына жолданатын болады.

"2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы бойынша 2013 жылы бюджет түсімдері 5 трлн. 415,1 млрд. теңгені құрайтын болады. Ондағы кіріс 3 трлн. 828 млрд. теңге шамасында айқындалған. Кірістің басым бөлігін салықтық түсімдер құрамақ. Бұл бюджет кірісінің 97,6 пайызына тең болжанады. Ал шығыстарға келсек, келер жылғы бюджеттен оның көлемі 6 трлн. 200 млрд. теңгеге қалыптасты. Бюджет тапшылығы 2013 жылы 785 млрд. теңгені құрайды.

Бұған дейінгі секілді бюджетте әлеуметтік бағдар басымдыққа ие. Атап айтсақ, 2013 жылға арналған әлеуметтік шығыстардың үлесі жалпы шығыстардың 39 пайызына немесе 4 трлн. 583,5 млрд. теңгеге жетеді. Ал Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттер көлемі 2013 жылы 1 трлн. 380 млрд. теңгені құрайды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны