31.10.2007, 13:14 2948

Мәжіліс "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады.

Астана. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отрысында депутаттар "Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын алғашқы және екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасын қабылдау Бюджеттік кодексті Конституция нормаларымен сәйкестендіруге, қаржылық тұрақсыздық болған жағдайда жедел жауап қатуға, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізуге жағдай жасауға мүмкіндік береді", - деп мәлімдеді заң жобасын депутаттарға таныстырған еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, заң жобасымен Бюджеттік кодексті жаңадан қабылданған Конституциялық түзетулерге сәйкестендіруге бағытталған нормалар енгізіліп отыр. Заң жобасы қаржылық ахуал нашарлаған жағдайда жедел жауап қату үшін жұмсалатын үкіметтің резервінің көлемін ұлғайту қарастырылған. Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, үкімет резервінің жалпы көлемі бюджет кірісінің жалпы көлемінің 10%-інен аспауға тиіс (қазіргі заңнама бойынша 2%-тен артық болмауға тиіс).

Сонымен бірге, енгізілген өзгерістермен Ұлттық қорға қаржы аударушыларды біржола анықтау үшін мұнай секторы кәсіпорындарына жататын ұйымдардың іс-қызметінің түрлері анықталады.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны