09.04.2014, 19:49 2995

Мәжіліс бюджеттік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгертулерді жұмысқа алды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі "ҚР бюджеттік заңнамасын жетілдіру сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі "ҚР бюджеттік заңнамасын жетілдіру арқылы сұрақтары бойынша кейбір заң актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды.

"Заң жобасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жасақталған. Ол бюджет қаржысын және бюджет несиелерін тиімді бөлу мен игеруді, аймақтарға мақсатты транферттерді бөлуді, бюджетті пайдалану барысындағы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің өзбетімен жұмыс істеуін және жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Жалпы заңнаманы іске қосу бюджет қаржысын шығындауды қажет етпейді", -деді Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан Карағұсова.

Сонымен қатар ол, бюджеттік есеппен бірге шоғырландырылған республикалық бюджетті, шоғырландырылған жергілікті бюджеттің есебі мен шоғырландырылған мемлекеттік бюджет есебін құруды қарастырады, деп атап өтті.

Осы ретте ақпараттың қайталануын болдырмау үшін бюджеттік есеп үлгілерін оңтайландыру жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны