23.05.2014, 22:13 1547

Мәжіліс Бюросы пленарлы отырыстың күн тәртібін нақтылады

Депутаттардың талқылауына 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы хаттама ратификациялауға шығарылады.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Қабиболла Жақыповтың төрағалығында Мәжіліс Бюросы өтті. Онда Палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды.

Депутаттардың талқылауына 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Хаттама ратификациялауға шығарылады, деп ҚР Парламенті Мәжілісінен хабарлады.

Күн тәртібінің жобасына бірінші оқылымға "Дене шынықтыру және спорт туралы" заң жобасы ілеспе түзетулерімен енгізілді.

Сонымен қатар осы жалпы отырыста Мәжіліс "Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы" заң жобасы ілеспе түзетулерімен және "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Сот төрелігінің секторын институционалдық нығайту жобасы) ратификациялау туралы" заң жобасына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны