30.01.2015, 15:31 4150

Мәжіліс Бюросы: жалпы отырыстыӊ күн тәртібі нақтыланды

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстыӊ күн тәртібі нақтыланды

Астана. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстыӊ күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Депутаттар қарауына Өзбекстан мемлекетімен Адамдардыӊ реадмиссиясы туралы келісімді және іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы "Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру" жобасы бойынша грант туралы келісімді, сонымен қатар, Халықаралық Валюта Қоры Келісімініӊ Баптарына түзетулерді ратификациялауға қатысты үш бірдей ратификациялық құжат енгізілмек.

Ал, Палатаға Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасыныӊ Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердіӊ интеграцияланған валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерді ратификациялауға байланысты қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындау ұсынылып отыр.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны