04.05.2017, 16:17 5422

Мәжіліс денсаулық сақтау мәселелері бойынша ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісініӊ пленарлық отырысында палата депутаттары "Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Парламенті Мәжілісініӊ пленарлық отырысында палата депутаттары кеше "Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов атап өткендей, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МИМС) жүйесін енгізу аясында заӊ жобасымен мөлшерлемелерді және аударымдар мен жарналарды есептеу объектілерін өзгерту, сондай-ақ жарналарды мемлекет төлейтінтөлемшілердіӊ, жаӊа тұлғалардыӊ санаттарын енгізу, Илеуметтік медициналық сақтандыру қорыныӊ (ИМСҚ) жұмысын ұйымдастыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен тегін медициналық көмектіӊ кепілдік берілген көлемі жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөліктеріне түзетулер енгізу қарастырылады.

"Елдегі макроэкономикалық жағдайға байланысты және жұмыс берушілерге түсетін жүктемелерді азайту мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі мемлекет жарналарыныӊ және жұмыс берушілердіӊ аударымдарыныӊ мөлшерін азайту, жеке кәсіпкерлердіӊ жарналарыныӊ мөлшерін бекіту және олар үшін есептеу объектісін еӊ төменгі 1 жалақыныӊ мөлшерінен еӊ төменгі 2 жалақыныӊ мөлшеріне дейін өзгерту туралы ұсыныстар енгізген болатын. Бұл ұсыныс Үкімет тарапынан қолдау тапты", - деп хабарлады министр.

"Осылайша, мемлекеттіӊ қорға төленуге тиіс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарыныӊ мөлшерін 2018 жылғы 1 қаӊтардан бастап - 3,75 %, жұмыс берушілердіӊ аударымдарын 2017 жылғы 1 шілдеден бастап - 1%, 2018 жылғы 1 қаӊтардан бастап - 1,5% болуы ұсынылады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардыӊ жарналары еӊ төменгі 2 жалақыдан 5%-ды құрайды.

Медициналық көмектіӊ қолжетімділігі және жалпыға бірдей қамту қағидатын қамтамасыз ету мақсатында, жарналарын мемлекет төлейтін адамдар санатын кеӊейту ұсынылады. Олар: жұмыс істемейтін 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы қарап, күтім жасайтын адамдар, жұмыс істемейтін оралмандар, ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, білім беру ұйымдарында орта техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі күндізгі бөлімдерде оқуды аяқтаған тұлғалар. Қорға жарналар төлеушілердіӊ тізбесі белсенді емес тұрғындармен, оныӊ ішінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" ҚР Заӊымен белгіленген өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, тұрақты тұруға кеткен адамдарды қоспағанда, ҚР аумағынан тыс шыққан ҚР азаматтарымен толықтырылатын болады. Осы санаттағы тұлғалардыӊ жарналарыныӊ мөлшерлемесі еӊ төменгі бір жалақыныӊ 5%-ын құрайды", - деп атап өтті Елжан Біртанов.

"Сондай-ақ, ол МИМС жүйесін енгізуге байланысты, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлеріне, сондай-ақ аталған санаттыӊ зейнетақы төлемдерін алушыларға және олардыӊ отбасы мүшелеріне, мемлекеттік қызметшілердіӊ жекелеген санаттарына медициналық көмек ұсыну мәселелерін реттеу талап етілетіндігінен хабардар етті.

Заӊ жобасында Қорды бірыӊғай төлеуші ретінде айқындау ұсынылады. МИМС пакетіне сақтандырылған азаматтарға шұғыл стационарлық көмек көрсету қарастырылған. Қордыӊ қаржылық тұрақтылығын арттыру және оныӊ активтерін сақтау мақсатында түзетулер көзделіп отыр.ҚР-ныӊ шетелдіктерге қатысты қолданыстағы заӊнамасы ҚР-ныӊ аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардыӊ әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерінде, білім саласында ҚР-ныӊ азаматтарымен теӊ жағдайын қарастырады",- деді Елжан Біртанов.

Ол, сатып алу және ақы төлеу бойынша бірыӊғай тәсілдерді, сапалы дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету мақсатында, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған шығыстарға ақы төлеу және сатып алубойынша құзыреттерді бөлу, сондай-ақ, Илеуметтік медициналық сақтандыру қоры үшін бірыӊғай фармацевтикалық қызметтер берушіні айқындау ұсынылатындығын хабарлады.

"Жалпы Заӊ жобасы денсаулық сақтау саласыныӊ, оныӊ ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесініӊ үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін негізгі кезеӊдерді қамтиды. Оныӊ жүзеге асырылуы республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған республикалық бюджет шығындарыныӊ қысқартылуын қарастырады, - деп өз сөзін қорытындылады министр.

"Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасы негізінде 6 Кодекс пен 16 Заӊға өзгерістер мен толықтырулар енгізілетінін естеріӊізге саламыз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны