24.06.2010, 14:07 5516

Мәжіліс депутаты алкогольдік ішімдік түрлерін қысқартуды және жастарға сатылуына қойылатын талаптарды қатайту керек деген ұсыныс білдірді

Мәжіліс депутаты алкогольдік ішімдік түрлерін қысқартуды және жастарға сатылуына қойылатын талаптарды қатайту керек деген ұсыныс білдірді

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев алкогольдік ішімдік түрлерін қысқартуды және олардың жастарға сатылуына қойылатын талаптарды қатайту керек екендігін айтуда. Бұл туралы кеше мәжілістің жалпы отырысында ҚР премьер-министрінің атына айтылған депутаттық жолдауында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР парламентінің мәжіліс аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

И. Елекеев 9-маусымда өткен мәжіліс отырысында мәжіліс депутаты Владимир Нехорошевтің Қазақстан спирттік ішімдіктер тұтынуда Ресейді басып озғандығын мәлім еткендігін еске сала кетті.

Осыған байланысты И. Елекеев алкоголизммен күрес жүргізуде "алкогольдік ішімдік түрлерін қысқартуды және олардың жастарға сатылуына қойылатын талаптарды қатайту керек деген" ұсыныс айтты. "Мен бір кішкентай дүкеннен темекі сатып алып тұрып, коньяк, шарап және сыраны былай қойғанда, тек арақтың жүздеген түрін көрдім. Ең өкініштісі сатушы сатып алушының аузынан ана сүті кетпеген бала екендігін көре тұрып, оның жасын мүлдем сұрамайды",- деп атап өтті мәжіліс депутаты.

Оның айтуынша "бұл 6-шы маусымда, Астана күні қарсаңында өте маңызды". "Қонақтар республикамыздың түпкір түпкірінен ғана емес, көптеген елдерден де келеді. Сондықтан кез-келген ішімдік түрін сатуға ғана емес, оларды ішуге де тыйым салу керек",- деп түсіндіріп өтті ол.

Депутат бұл жаңа ереже басқа той-томалақтарға да және Қазақстанның барлық аумағына да қатысты болуы керек, деп санайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны