12.05.2015, 20:55 2367

МИЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚУАНЫШ СҰЛТАНОВТЫӉ "ЕЛБАСЫ ЖИНЕ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІГІ" КІТАБЫНЫӉ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Үміткер Бүгін Мәжілісте Халықаралық істер, Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетініӊ мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы журналист, саяси ғылымдар докторы, профессор Қуаныш Сұлтановтыӊ "Елбасы және Қазақ мемлекеттігі" кітабыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті

Астана. 12 Мамыр. Kazakhstan Today - Үміткер Бүгін Мәжілісте Халықаралық істер, Қорғаныс және Қауіпсіздік комитетініӊ мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы журналист, саяси ғылымдар докторы, профессор Қуаныш Сұлтановтыӊ "Елбасы және Қазақ мемлекеттігі" кітабыныӊ тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кітап Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ еліміздіӊ Жаӊа дәуірдегі мемлекет құрылысы мен оныӊ дүниежүзілік қоғамдастыққа еркін араласып, бәсекеге лайықты ширақ топтан көріну мақсатындағы орасан мемлекеттік қайраткерлік еӊбегіне арналған.

Онда қазақ мемлекетініӊ тәуелсіздік алып қалыптасуы жолындағы тарихи оқиғалар, сындарлы кезеӊдердегі Елбасыныӊ кемел саясаты, сондай-ақ, Президенттіӊ ерен еӊбегініӊ арқасында қол жеткізілген Қазақстанныӊ әлемдік сахнадағы абыройы туралы кеӊ көлемде баяндалады.

Шараны Мәжіліс Спикері Қабиболла Жақыпов ашып, жүргізді. Алғы сөзінде Мәжіліс Төрағасы Қуаныш Сұлтановтыӊ өмірлік тәжірибесі мол дарынды саясаткер, қоғамдағы беделі зор мемлекет қайраткері ретінде еліне танымал, халқына сыйлы да ардақты азамат екенін айта келіп, өз баяндамасында кітаптыӊ мазмұнына, әрбір тарауына жеке-жеке тоқталып, жеке көзқарасын білдірді.

Бұл туындыныӊ Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ тәуелсіз Қазақ мемлекеттігін ғасырлар тоғысындағы жаӊа дәуірде қайта жаӊғырту мен дамытудағы алып тарихи еӊбегіне арналғандығын, егемен еліміздіӊ әр салада бүгінгі биігіне жетуі, бейбіт өмір сүріп жатқаны, болашаққа деген жарқын сенімі, бізді бүкіл әлемніӊ құрметтеуі - мұныӊ барлығы Елбасымыздыӊ дана стратегиясы және қажымас қайраткерлігі арқасында жеткен асулар екенін сөз етті.

-Осы айтылған және кітаптыӊ мазмұнын құраған басқа да мақалалардыӊ қай-қайсысы да Елбасыныӊ тәуелсіз Қазақстанныӊ мемлекеттілігін бекемдеудегі көп-қырлы еӊбегінен алуан сыр шертеді.

Тағылым-өнегесі, ұрпаққа ұлағаты мол осындай еӊбек үшін Қуаныш Сұлтанұлы, Сізге мыӊ алғыс!,-деді Қабиболла Жақыпов.

Одан кейін сөз алған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Ибдіхалықова мерейтой иесіне Елбасыныӊ Алғысын жариялап, омырау белгісін тақты.

Ал Сенат Спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтанұлыныӊ ел игілігі жорлындағы қажырлы еӊбегін жан-жақты баяндай келіп, кітап мазмұнына айрықша назар аударды. Қазақстанныӊ айтылған барлық болжамдарға қарамастан, ел Президентініӊ арқасында тұрақты экономикалық даму қарқынына ие, реформаларды табысты жүзеге асырып, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне елеулі үлес қосып келе жатқан, күллі әлем қауымдастығы мойындаған елге айналғанын, бұл еӊбек те - ел өміріндегі осындай айрықша күрделі оқиғалардыӊ құнды жылнамасы екенін айтты.

-Бұл кітап жаӊа мемлекет құру жолында барша Қазақстан халқыныӊ ел Президентімен бірге жұмыла отырып жасаған ауқымды еӊбегініӊ айрықша көрінісі екенін атап өту қажет,-дей келіп, Қасым-Жомарт Тоқаев Сенатта атқарған елеулі еӊбегі үшін Құрмет грамотасын табыс етті.

Одан кейін "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке сөз беріліп, ол Қуаныш Сұлтанұлыныӊ партияныӊ беделін көтеру жолындағы еселі еӊбегіне тоқталып, мерейтой иесіне "Нұр Отан" партиясыныӊ Мәжілістегі фракциясыныӊ жетекшісі Д. Назарбаеваныӊ ұсынысымен, партияныӊ Саяси Бюро шешімімен, Елбасыныӊ келісімі бойынша берілген партияныӊ еӊ жоғарғы наградасы "Алтын белгі" омырау белгісін тақты.

Қуаныш Сұлтанұлы кітабыныӊ тұсаукесеріне ел үкіметініӊ атынан ҚР Премьер-министрініӊ Кеӊсе басшысы Ерлан Қошанов ыстық лебізін білдіріп, Премьер-министр Кәрім Мәсімовтіӊ құттықтау хатын табыс етті.

Шара барысында Қуаныш Сұлтанұлымен ұзақ жылдардан бері әріптес әрі замандас болған, партияда да, Сенатта да бірлесе еӊбек еткен Парламент Сенатыныӊ 1995-2000 жылдардағы Төрағасы, біраз жылдар Сенат депутаты болған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Бәйгелді, "Елбасы және Қазақ мемлекеттігі" кітабыныӊ алғысөзін жазған, Қазақстан Республикасы Мемлекет тарихы институтыныӊ директоры, профессор Бүркітбай Аяған, Қуаныш Сұлтанұлы түлегі саналатын Ил-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініӊ ректоры, профессор Ғалымқайыр Мұтанов сөз сөйледі. Ғ. Мұтанов аталған Университеттіӊ бастамасымен шығарылып келе жатқан, 45-шығарылымы толығымен Қуаныш Сұлтанұлыныӊ өмірі мен еӊбегіне арналған "Өнегелі өмір" кітабын таныстырды.

Рәсім соӊында Қуаныш Сұлтанұлы шараға қатысқан барша азаматтарға Елбасыныӊ еӊбегі туралы деректі кітапқа қызығушылық білдіріп, салиқалы ой, салмақты сөз айтқандары үшін шексіз алғысын білдірді. Қуаныш Сұлтанұлы:

- бүгін Мәжілісте қатардағы бір депутатқа осындай құрмет көрсетіп жатқандарыӊыз да біздіӊ басқа барлық тәуелсіз жетістіктеріміздей тәуелсіздігіміздіӊ, сол тәуелсіздігіміздіӊ мазмұнын мағынасын ұтымды, сауатты ұйымдастырып, ел игілігіне айналдырған Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ орасан мемлекеттік қайраткерлік еӊбегініӊ нәтижесі,-деді.

Шараға сондай-ақ, қос палата депутаттары, танымал саяси және қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарыныӊ, бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

Осыған дейін Қуаныш Сұлтановтыӊ еліміздіӊ қоғамдық-саяси өміріне арналған 10 кітабы мен 200-ден астам мақаласы жарыққа шыққан болатын.

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны