09.01.2008, 14:21 1557

Мәжіліс депутаты үкіметке азаматтардың үлестік құрылысқа қатыса алатын арнайы келісім - шартты дайындау жөнінде ұсыныс жасады

Мәжіліс депутаты үкіметке азаматтардың үлестік құрылысқа қатыса алатын арнайы келісім - шартын дайындау жөнінде ұсыныс жасады

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов үкіметке азаматтардың үлестік құрылысқа қатысатын арнайы келісім - шартты дайындап бекіту жөнінде ұсыныс жасады. Бұл туралы депутат Мәжілістің пленарлық отырысында Кәрім Мәсімовтың атына жолдаған депуттаттық сауалнамасын оқыған кезінде баяндады.

"Банк жүйесінде, ипотека бойынша, баспана құрылысын жүргізуге қатысты енгізілетін күрделі өзгерістерді күту кезінде, халықтың үлестік тұрғын-үй құрылысына қатысу мәселесі, әсіресе алаңдатады" деді А. Жамалов.

Мәжіліс депутатының айтуынша, "2007 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген ҚР "Баспана құрылысындағы үлестік қатысу" туралы заңы, тұрғындардың заңды мүдделері мен құқығын толыққанды қорғамайды".

"Келісім - шарт жасалғанда, барлық шартты құрылыс жүргізетін жақ дайындап, үлестік қатысушыға тиімсіз міндеттер артылады. Соның нәтижесінде, бұл соттың талас-тартысына әкеліп соқтырады", - деді ол. "Республика үкіметі осыған орай, арнайы бір келісім-шартты дайындап, онда сапа мәселесі, пәтер көлемін анықтау жолдары, құрылыстың аяқталуы және пайдалануға берілу мерзімі нақты көрсетілуі керек ", - деген пікірді айтты А. Жамалов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны