18.04.2007, 17:17 3045

Мәжіліс депутаттары БАҚ туралы жаңа заңның жобасын демократиялық мемлекетті нығайтуға жасалған қадам деп бағалауда

АСТАНА. 18-сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары бүгін палатаның жалпы отырысында таныстырылған "БАҚ туралы" жаңа заңның жобасын демократиялық мемлекетті нығайтуға жасалған қадам деп бағалауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Менің пікірімше, бұл заңның жобасын жасау жөнінде бастама көтеру, жобасын жасау мен оны жұмысқа қабылдау біздің мемлекетіміздің демократиялық принциптерді қолдайтындығының дәлелі болып табылады",- деп мәлімдеді мәжіліс депутаты Ерлан Нығматулин.

Оның атап көрсетуінше, заңның жобасы үкіметтік емес ұйымдардың пікірлері мен ұсыныстары негізінде жасалып, мемлекеттік мекемелердің сараптамасынан өтіп, Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияда тұжырымдамалық тұрғыда мақұлданып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымында сараптамадан өтті.

"Бұл заңның жобасы біздің қоғамның ерекшеліктері мен демократиялық принциптерді ескеру негізінде еркін, демократиялық, құқықтық мемлекетті дамыту негіздерін одан әрі нығайтуға түрткі болады деп сенемін",- деді Е.Нығматулин.

Депутаттың айтуынша, заңның жобасына журналистер қауымдастығы бірнеше жылдан бері қажеттігін дәлелдеп жүрген баптар енгізілген. Атап айтсақ, заң жобасына БАҚ-тарды хабарландыру арқылы тіркеу туралы норма енгізілген, деп еске салды ол. "Осы тектес БАҚ іс-қызметінің жалпы дамуына көмектесетін, олардың жұмыс кепілдігіне қатысты баптар заң жобасында көп",- деді ол.

Мәжіліс депутаты Нұртай Сәбильянов жаңа құжаттың басты артықшылығы ретінде "әрбір азаматтың өз пікір-пайымдарын, соның ішінде сыни байламдарын да еркін айту және тарату құқығын" атады. "Ол үшін азамат жауапкершілік жүктемейді. Меніңше, ең бастысы осы норма",- деді Н.Сәбильянов.

Жаңа құжаттың тағы бір артықшылығы сол, "онда мемлекеттік мекемелер тарапынан БАҚ іс-қызметіне заңсыз араласуға жол берілмейді".

"Меніңше, бұл заң қабылдануға тиіс, үкімет оған оң бағасын беруі керек. Біз ашық қоғамды қолдаймыз, біз сынды қолдаймыз, меніңше, біздің көптеген әріптестеріміз оны қолдайды",- деді Н.Сәбильянов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны