21.01.2014, 20:18 4613

Мәжіліс депутаттары ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында ұзақмерзімді заң жобаларын қарастырады - С. Дьяченко

"Ертең Мәжіліс отырысында "Инновациялық кластер туралы "Ақпараттық технологиялар паркі" заң жобаларын қарап, ҚР-ның инновациялық кластерлер туралы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу заң жобасын қарастыратын боламыз, деді ол.

Алматы. 21 қаңтар. Kazakhstan today. 2014 жылдың 22 қаңтарында өтетін Мәжіліс отырысында депутаттар ҚР Президентінің тапсырмасын орындау аясында қосымша ұзақмерзімді заң жобаларын қарастырады.Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко айтты.

"Ертең Мәжіліс отырысында "Инновациялық кластер туралы "Ақпараттық технологиялар паркі" заң жобаларын қарап, ҚР-ның инновациялық кластерлер туралы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу заң жобасын қарастыратын боламыз. Олар бірнеше уақыт бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылған", - деді С. Дьяченко.

Мәжіліс төрағасының орынбасары сонымен бірге, Қазақстан экономикасын дамыту үшін венчурлық қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, инновацияларды қолдау және зерттеу, ғылыми жобаларды коммерцияландыру бойынша заңнамаларды жетілдірген жөн екенін айтты.

Сондай-ақ, ол Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кәсіпкерлік кодексін әзірлеп жатқандығын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны