13.01.2016, 10:48 4301

Мәжіліс депутаттары мерзімінен бұрын паралменттік сайлау өткізуді бірауыздан қолдап отыр

Парламент Мәжілісініӊ қабырғасында БАҚ өкілдеріне арналған шұғыл баспасөз мәслихаты өтіп, онда депутаттар Парламент Мәжілісі сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөнінде ұсыныс жасады

Астана. 13 қаӊтар. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісініӊ қабырғасында БАҚ өкілдеріне арналған шұғыл баспасөз мәслихаты өтіп, онда депутаттар Парламент Мәжілісі сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөнінде ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазақстан халқы мен ел Президентіне арналған үндеуімізді ресми түрде жариялаймыз. Біз үш партия өкілдері Бесінші шақырылым бесінші сессиясыныӊ депутаттық тобын таратуды сұраймыз және бұл мәселе үш партия фракцияларыныӊ отырыстарында жан-жақты талқыланды. Мұндай әрекет Қазақстан халқы мен Елбасымыздыӊ депутаттар алдына қойған міндеттер мен Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындауда маӊызды қадам болып табылады" ,- деді Нұрлан Ибдіров, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Айта кетейік, бүгін "Нұр Отан", "ҚХПК" және "Ақжол" партиясыныӊ фракциялары Мәжілістіӊ 5 шақырылымын тарату мен парламенттік сайлау өткізу бастамасын ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны