11.10.2006, 15:22 3212

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індентін жұқтыруына байланысты тексерулерге бақылау жасайтын арнаулы топ құрмақшы

Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індентін жұқтыруына байланысты тексерулерге бақылау жасайтын арнаулы топ құрмақшы

АСТАНА. 11-қазан. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індентін жұқтыруына байланысты тексерулерге бақылау жасайтын арнаулы топ құрмақшы. Палатаның бүгін өткен жалпы отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Палата депутаттарынан Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індентін жұқтыруына байланысты тексерулерге бақылау жасайтын арнаулы жұмыс тобын құруды ұсынамын",- деп мәлімдеді отырыста мәжіліс депутаты Амалбек Тшанов.

"Кейбір кінәлі жауапты қызметкерлер жауапкершіліктен жалтарып кетпекші",- деді депутат арнаулы топ құру туралы бастамаға берген түсініктемесінде. "Тасмағамбетова (Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры - Kazakhstan Today ескертпесі) бүгінгі күнге дейін тиісті жаза жүктеген жоқ. Өйткені оның жоғары билікте қолдаушылары бар",- деді депутат.

Арнаулы топ құру туралы бастаманы 58 депутат қолдады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында 5 жасқа дейінгі 76 баладан ВИЧ індеті анықталды. Олар осындағы ауруханаларда қан немесе оның құрамды бөліктерін ауыстырған кезде ауру жұқтырған деген жорамал бар. Оңтүстік Қазақстан облысында балалардың жаппай ВИЧ індентін жұқтыруына байланысты 12 қылмыстық іс тексерілуде. Мәселен, облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова мен оның орынбасарлары - Нағима Жолдасова мен Рахима Қуандықованың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Ташмұхан Тойбеков пен оның орынбасарының, сондай-ақ, аурухананың екі бөлімшесінің меңгерушілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұған қоса облыстық қан орталығының бұрынғы бас дәрігері Шора Сейдіновтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Барлық лауазым иелеріне өз міндетіне немқұрайды қараған деген айып тағылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны