14.05.2008, 10:12 1413

Мәжіліс депутаттары палатаның вице-спикері қызметіне Жәнібек Кәрібжановты сайлады

Мәжіліс депутаттары палатаның вице-спикері қызметіне Жәнібек Кәрібжановты сайлады

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста палатаның вице-спикері қызметіне Жәнібек Кәрібжановты сайлады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Палатаның вице-спикері қызметіне Жәнібек Кәрібжановты сайлауды ұсынамын", -деп мәлімдеді мәжіліс төрағасы Аслан Мусин жалпы отырыста.

Бұл ұсынысты депутаттар бір дауыстан қолдады.

Сонымен бірге, бүгін өткен жалпы отырыста Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсенбаев Ж.Кәрібжановты мәжіліс депутаты деп тіркеу жөніндегі ОСК қаулысын жария етті.

"Сайлау туралы конституциялық заңның 12, 45, 46 баптары, 97-1, 98- баптарының 4 және 5 -тармақтарына сәйкес ОСК қаулы етеді: парламент мәжілісі депутатының иесіз мандаты Ж.Кәрібжановқа берілсін; Ж.Кәрібжанов парламент мәжілісінің депутаты болып тіркелсін", - деді М. Сәрсенбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны