05.09.2012, 19:10 3018

Мәжіліс депутаттары төменгі күнкөріс шегін арттыру туралы бастама көтерді

Мәжілістің бір топ депутаты премьер-министр Кәрім Мәсімовтен төменгі күнкөріс шегін көтеру мүмкіндіктерін қарастыруды сұрады.

Астана. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары төменгі күнкөріс шегін арттыру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің бір топ депутаты премьер-министр Кәрім Мәсімовтен төменгі күнкөріс шегін көтеру мүмкіндіктерін қарастыруды сұрады.

"2012-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бюджет туралы" заңда 2012 жылдың басынан бастап төменгі күнкөріс шегі 17 мың 439 теңге деп көрсетілген. (...) Төменгі күнкөріс шегін көтеру қажет. Премьер-министрдің осы мәселені қарап шығып, біздің сауалымызға жауап беруін сұраймыз", - деп мәжілістің сәрсенбі күнгі отырысында депутат Айткүл Самақова мәлім етті.

"Азық-түліктік емес шығындарды есептегенде коммуналдық қызмет ақысы, киім, аяқ киім, көлік және тағы басқаға жұмсалатын қаржыны да ескеру қажет. Қазір қалалық жерде бір бөлмелі пәтер үшін жазда айына 7-8 мың теңге, қыста 12-13 мың теңге коммуналдық төлем төленеді", - деп атап өтті ол.

А.Самақованың пікірінше, Қазақстанда төменгі күнкөріс шегі көлемі экономикалық деңгейі жағынан шамалас елдердегіден әлдеқайда төмен.

Ресейде төменгі күнкөріс шегі бізге қарағанда 2 есе жоғары, деді депутат.

"Экономистердің пікірінше, төменгі күнкөріс шегін өсірген жағдайда елдегі инфляция күшейіп кете қоймайды. Оның үстіне, азаматтардың табысын көтеру арқылы тұтынушылық сұранысты арттырамыз, бұл отандық өндіріске оң әсерін тигізеді", - дейді А.Самақова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны